Бұл қазақ деген ұлттан бас тарту ма?

"Ең бастысы ұлт емес, азаматтық"

026Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. Сессия «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған болатын.

«Әрине, ұлттық біртектілік бағытында көп дүниелер жасалды. Алайда, қоғамның бірлігі мен келісімі бойынша бәріне қол жеткіздік деп тоқмейілсуге болмайды. Ендігі күні туындаған кез келген мәселеге дер кезінде жауап берілуі керек», - деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы Қазақстан әрбір азамат үшін жайлы болуы керектігін атап өтті.

«Осыған байланысты атап өткім келеді, ең бастысы - азаматтық, ұлт емес. Азаматтық деген ол еліміздің барлық азаматы бір заңмен, Конституциямен өмір сүреді деген сөз. Бәрі осы бір ғана заңға бағынуы керек. Рим империясында азаматтар болды, ұлт емес. Тіпті латын тілінде «ұлт» деген сөз «жаңа туған» дегенді білдіреді екен. Ал біз осы «ұлт» деген мәселені не қылып жібердік? Сондықтан да, біртектілік дегеніміз өзінің ұлттық ерекшеліктеріңді жоғалтпау, тарихыңды, мәдениет пен тіліңді ұмытпау дегенді білдіреді. Ал азаматтықта - біз бірдейміз», - деді Н. Назарбаев.

Дерек көзі: ҚазАқпарат