Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақтың даласы – халықтың меншігі

025Бүгін Астанада өтіп жатқан ҚХА-ның XXIV сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жерін қорғаштаған қазақ халқына риза екенін білдірді. Бұл туралы жазба Ақорданың Твиттер-парақшасында жарияланды.

"Ағайынға ризамын. Лайым жерге деген көңіл осындай болса, халқымыз қасық қаны қалғанша оны қорғайды деп сенемін", - деді аталған жиын барысында Н.Назарбаев.

Президент сондай-ақ, Жер туралы кодекстегі өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығындағы шаруақор ағайынға жеңілдік жасау көзделіп отырғандығын да атап өтті.

"Жер – ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы – халықтың меншігі. Қазақстанның 14 мың шаршы км шекарасын шегендеу үшін мен 8 жыл келіссөздер жүргіздім. Жер туралы кодекстегі өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығындағы шаруақор ағайынға жеңілдік жасау көзделіп отыр" деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.

Айта кетейік, бұған дейін Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге наразылық білдірген халық Атырауда митинг ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар, ел тұрғындарының басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы заңға өз қарсылықтарын білдіруде. Олар үкімет ұсынып отырған жерді сату және шетелдіктерге жалға беру бастамасына түбегейлі қарсы.

Дерек көзі. sn.kz