ЖЕР мен ТІЛ ТЕК ҚАЗАҚҚА ҒАНА КЕРЕК ПЕ?

Бөлісу:

Жер саудасы мен қазақ тіліне келгенде әншейінде «қазақстандық патриотизм», «ұлттар мен ұлыстар достығы», «рухани келісім мен діни татулық», «ортақ отанымыз – Қазақстан!» деп ұрандататын қаптаған қоғамдық ұйымдар да, саясаткерлер де басқа әлемде өмір сүріп жатқандай жым-жырт…

qazaq eli.......

Қазақ тілінің ресми орындардан лайықты орын ала алмай келе жатқан ауыр халіне соңғы айларда Үкімет мінберінен айтылған «үш тілді оқыту» деген қауіп тағы жығылғанға жұдырық болды. Физика, химия сынды күрделі пәндерді ағылшын тілінде оқытамыз деген білім саласының басшылары қанша ақталғанмен бұл бастаманың ана тілімізге зор қатер төндіретінін жасыра алмады.

Қазақтың бір қайғысы тіл болса, жер тағдыры да алаң көңіл халықтың мазасын қашырып отыр. Былтыр жымысқы жолдармен тиісті заңға өздеріне қолайлы өзгерістер енгізіп алған билік, биыл шілдеден бастап ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді аукцион арқылы саудаға шығармақ. Қаржы қиындығын сылтауратқан үкімет бүгінде «аукцион» деген дүниені сәнге айналдырды. Жыл басынан бері мемлекет меншігіндегі бар мүлік пен активтерді, тіпті, жер астындағы кен орындарына дейін аукцион арқылы сатып жатыр. Ендігі кезек жерге келіпті.

Әзірге жер сату идеясының бастамашысы ретінде ақпарат алаңында Ұлттық экономика министрлігі бой көрсетіп отыр. Бір есептен бұған да шүкір дейміз. Осы министрлік деңгейінде көтерілген бастамаға атқарушы билікке бағынбайтын парламент, конституциялық кеңес, сот органдары ләм-мим деуге жарамай отырғанда, бұл бастаманы Үкімет басшысы көтерсе қайтар едік деген ойға қаласыз.

Ерболат Досаевтың аузынан шыққан «1,7 млн гектар жер сатылады» деген әңгіме бүгінде ақпарат кеңістігін шулатып, саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінің, зиялы қауым өкілдерінің сынына ілікті. Алайда, барлығының емес. Екшелген, халық алдында жүзі жарқын, ұстанымы айқын санаулы тұлғалар мен тек қазақ тілді БАҚ қана жер мен тіл тағдыры үшін шыр-пыр болуда. «Эксклюзив», 7news.kz сынды бірді-екілі орыс тілді ақпарат құралдарын қоспағанда, орыс тілінде хабар тарататын сандаған сайт пен санынан жаңылуға болатын саржағал газеттерден жер тағдырын сөз етіп, қазақ тіліне алаңдаушылық білдірген бір сөз таппайсыз. Петр Своик бастаған орыс тілді оппозиция серкелері де бұл мәселеге қатысты жақ ашпай отыр. Ашық қарсылық танытпаса да, бірнеше дүркін жарияланған ашық хаттар мен петицияларға да қол қоюға жарамады. Шырылдап жүргендердің дені – қазақ жігіттері мен қыздары. 31-арна, «Қазақ үні», «Абай», «Ұлт», «Азаттық» бастаған қазақшыл БАҚ қана.

Жер саудасы мен қазақ тіліне келгенде әншейінде «қазақстандық патриотизм», «ұлттар мен ұлыстар достығы», «рухани келісім мен діни татулық», «ортақ отанымыз – Қазақстан!» деп ұрандататын қаптаған қоғамдық ұйымдар да, саясаткерлер де басқа әлемде өмір сүріп жатқандай жым-жырт қалып отыр. Сол ұйымдар ең құрығанда ұрымтал сәтті қалт жібермей саяси ұпай жинауға пайдалана білген қарт коммунист Косарев құрлы болмады. Қазақ қашанғы әдетімен өз тілінде сөйлеп, өзінің мүддесін жақтасқандарды туғанындай бауырына басар еді ғой. Олай болмады. Қоғамның орыс тілді бөлігі өздерінің «Моя хата с краю, ничего не знаю» деген ұстанымдарын аңғартып қойды.

Осындайда Елбасының «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан!» деген сөзін еріксіз «Қазақстан бір ғана ұлтқа керек. Ол – қазақтар!» деген мағынада қабылдауға мәжбүр боласыз.

Жомарт Абдоллаұлы

«Қамшы»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Жалын 24 Сәуір, 2016 22:59 Жауап

    Рас айтасыз! Шырылдап дүрген тек қазақ қана қазақша сөйлейтіні де орыс тілдісі де!

  2. Кайрат 25 Сәуір, 2016 01:27 Жауап

    «қазақстандық патриотизм», «ұлттар мен ұлыстар достығы», «рухани келісім мен діни татулық», «ортақ отанымыз – Қазақстан!» дегеннің бәрі бекер, табиғатта, тарихта болмаған қиял…. Ата-бабамыз қанын, терін төгіп құрған, біз үшін сақтап қалған, Қазақ елі мемлекеті, Қазақ тілі, қазақ елінің бірлігі – тек қазақтарға ғана керек!!!

  3. Бектас 30 Сәуір, 2016 19:55 Жауап

    Басқа ұлттарға қазақтың жерінің қазақсыз болғаны ғана қажет екенін ұмытпайық.

  4. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім 16 Мамыр, 2016 14:17 Жауап

    ЖЕР САТУ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДА БОЛМАҒАН

    “Біз әртүрлі айла-тәсілдер схемасын қолдана отырып, заңның осы талабын айналып өтуді
    болдырмайтын құқықтық және басқа да құралдар арқылы осынау маңызды ережені жүзеге асыруға тиіспіз”. (ҚР сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халыққа жердің шетелдіктерге сатылмайтынын түсіндіріп қою жеткіліксіз». 29сәу, 2016 «Еларна Кз»).

    Сатылған дүние сол сатып алған тұлғаның жеке меншігіне өтеді. Ал Қазақстан Республикасындай Құқықтық мемлекеттің заңы бойынша да, тіпті халықаралық заңдар бойынша да біреудің жеке меншігіне ешкімнің, тіпті мемлекеттің де (соғыс жағдайынан басқа кезде) қол сұғуына құқығы жоқ. Сіз айтқан жолдың біреуі, егер ол тұлға сатса (мысалы қытайлықтардың, орыстардың т.т. кері сататына күмәнім бар) бірнеше есе бағасын беріп кері сатып алу, екіншісі күштеп, зорлық жасап тартып алу. Оның басқа жолы жоқ. Егер ертең солар сатып алған жерден алтын, күміс, мұнай т.т. шықса не істейсіз? Сол жерлерде жатқан Ата-бабаларымыздың моласының басына қалай барамыз? Құқықтық мемлекеттен Қылмыстық мемлекетке айналып кетпейміз бе?

    Атам Қазақтың шежіре-тарихын зерттеуші ретінде айтарым: 60 жылға жуық мыңдаған (ескісі бар, жаңасы бар) кітаптар, миллиондаған әр түрлі шежіре-дастандар, ғылыми еңбектер, мақалалар оқыдым. Сонда көзімнің айқын жеткені, Қазақ тарихында жер сату деген ешқашан болған емес. Адам, Адам болып, қазақ деген хандықтар мен қағанаттар (мемлекеттер) құрылғалы бері жер сату мәселесін алғаш көтеріп отырған бізбіз.

    Атам Қазақ «АНА, ЖЕР, АНА» деп жерді АНАҒА теңеген. Анаңды жалға беріп, сатуға болмайтыны сияқты Жерді де жалға беруге, сатуға болмайды. Жер сатылса Біз сияқты қарапайым қазаққа «БАРАР ЖЕР, БАСАР ТАУ» қалмайды. Бұл қазірдің өзінде солай.

    Жер ешкімге, тіпті өзімізге де сатылмауы керек. Жерді шетелдіктерге жалға беруге де болмайды. Жер тек қана қазақ халқының Атадан қалған мұрасы. Мұраға ие болудың барлық қамын жасауға тиіспіз. Жерге қатысты мыңның, миллионның ішінен бір ғана қауіп төнетін болса, онда оған да жолауға болмайды.

    ЖЕРДІ САТҚАН КҮНІ ҚАЗАҚ ДЕГЕН КИЕЛІ АТҚА ЫЛАЙЫҚ БОЛУДАН КЕТЕМІЗ.

Пікір немесе жауап жазу

13 + үш =