ЖАРАЙСЫЗ, НОҒАЕВ! Мемлекеттік тілде сөйлеген әкімнің сөзін тілмаш елшіге аудара алмады.

Бөлісу:

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті келшісі Стефано Раваньямен кездесті деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz.

Тілмәш Нұрлан Ноғаевтің қазақша сөйлегенін Италия елшісіне аударып бере алмадыФОТО: SN.KZ

Жиынның алғысөзін қазақшадан бастаған Ноғаевты Италия елшісі былай тұрсын, оның аудармашысы да түсіне алған жоқ. Өйткені, тілмәш тек орысшадан ғана аударады екен. Салдарынан әкімнің сөзін сондағылар алдымен орысшаға аударып, одан кейін аудармашы итальян тіліне тәржімалай бастаған. Алайда, араға Атыраудағы мұнай-газ институтының ректоры Әли Әбішев араласып, ол Ноғаевтың сөзің тікелей қазақшадан ағылшыншаға аударып беріп отырды.

Осылайша мемлекеттік тілді білмейтін тілмәштарды қажет етпеген кездесуден кейін Стефано Раванья Нұрлан Ноғаевқа алғысын айтып, міндетті түрде қазақ тілін жақын уақытта үйреніп алуға уәде етті.

Естеріңізге салайық, дәл осыған ұқсас жағдай Ақтөбеде қытайлық компания өкілдерімен кездесу барысында орын алған еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қазақшасын түсінбеген аудармашылар одан орысша сөйлеуді сұраған болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 24 пікір жазылған

  1. Зульфия 21 Сәуір, 2016 11:39 Жауап

    Дурыс. Тек қана қазақша сөйлеңіз. Кішігірім бастықсымақтар да артыңыздан еретін болады

  2. Bagdagul 21 Сәуір, 2016 12:33 Жауап

    Әкіммен елшінің кездесуін дайындаған мамандарың кемшілігі. Себебі олар бұдан бұрын білу керек қай тілде кездесн өтетінін, сорлы аудармашыны ұялтпай. Себебі бұл кездесуде маңыздысы екі жақтың нәтижелі, қатесіз өтуі. Ал тілмәштар өте маңызды рол атқарады. Сондықтан қатені дайындық кезеңінен іздеу керек. Олда бір адамгершіліктің көрсеткіші, кездесуге келген адамдарды ұялтпай қарсылау мен шығарып салу. Бірақ олай деп бізде ойламайды ғой, керсінше жұрттың алдында көзге шұқып , қырық үйде қырық тыиым салу….

  3. Дамира 21 Сәуір, 2016 13:03 Жауап

    Дұрыс! Мұндай əкімдерді орнынан алуға тырыспаса екен енді… қазақша сөйледің деп…

  4. Қуандық Шамахайұлы 21 Сәуір, 2016 13:28 Жауап

    Мен осы Ноғаевты танымасам да, оның бойынан нағыз басшыға лайық өрлік пен, өзіне деген сенімділікті көргендей боламын. Үкімет тізгінін осындай азаматтарға берсе ғой. Ана бір митыңдаған біреулерді тас мүсінше қақитып қойғанша.

  5. Сауле Мешитбаева 21 Сәуір, 2016 13:30 Жауап

    Нұрлан мырза , ерекше ұлтжанды Азамат əкім…! Алла разы болсын …!

  6. Іңкәр 21 Сәуір, 2016 13:52 Жауап

    Әкімнің бәрі Сапарбаев, Ноғаев секілді ҚҰЛ емес, ҰЛ екендіктерін айқындап, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ сөйлеуі тиіс ӨЗ ЕЛІМІЗ ТҮГІЛІ ШЕТЕЛДЕ ДЕ!

  7. Ардак 21 Сәуір, 2016 15:21 Жауап

    Қазақтың қазақша сөйлегені таңсық болды ма?Мен Әли Әбішев мырзаға риза болдым. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

  8. Қазақ 21 Сәуір, 2016 15:35 Жауап

    Біздің елде өз тіліңде сөйлесең БАҚ беттерінде ХИТ-ке айналасың, танымалдығың артады. Рахат ия )))

  9. ақтау 21 Сәуір, 2016 16:30 Жауап

    нұрлан інім ырза болдым саған дым саспа мендеи ағаң тұрғанда шап десең қәзір беліме бірдеңелерді байлап қытай менен маскеуді жарып жіберемін

  10. Ақжарқын 21 Сәуір, 2016 17:19 Жауап

    Өз тілінде сөйлей білетін ұлттың қашан да рухы асқақ! Жарайсыздар ағайлар!

  11. КəсібиМаман 21 Сәуір, 2016 19:34 Жауап

    Қазақшадан ағылшыншаға аудара алмаған тілмашты тапқан аппарат кінəлі, мақтанатын түгі жоқ

  12. Маха 21 Сәуір, 2016 23:09 Жауап

    Нурлан бауырымыз созi мен ici бiр жерден шыгып журген айтулы АЗАМАТ!!! Енбегiне жемiс тiлеймiн!

  13. Гүлжанат 21 Сәуір, 2016 23:31 Жауап

    Бағдагүл! Сіздікі жөн емес. Неге осы елде тұрып олар орыс тілді тілмәш әкеледі? Неге оларға алдын-ала жиналыс қазақша өтеді деп ескерту керек? Осында қызмет атқарып, осы елден напақа тауып жүрсе, осы елдің тілін білетін адам әкелуі тиіс. Сол жағын келуші неге қарастырмайды? Жауап беріңізші осыған.

Пікір немесе жауап жазу