"Қазақстан" сөзін жаза алмайтын министрлер қатарын Ерлан Сағадиев толықтырды

pogudx5eb111n5v1n.b8979b70 (1) Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде үш тілділік енгізіледі деп, мінберден ұранды сөздер айтып жатқан Білім және ғылым министрінің артындағы сауатсыз жазу ғаламтор қолданушыларының шамына тиді.Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Ағылшын тілін үдете үйретуді үгіттеп жүрген Ерлан Сағадиев өзге тілді қойып,  Қазақстанда қазақ тілін оқыту мен қазақ тілінде сауатты жазу мәселесі әлі шешілмегенін енді аңғаратын сияқты. Кідірместен ағылшынша сөйлеп, жаңа реформаларын тәптіштеп айтып тұрған министрдің артындағы стендте тайға таңба басқандай болып, "ҚазаХАстан" деген жазу көзге анық көрінеді. Қателікті байқаған әлеуметтік желі қолданушылары Сағадиев мырзаны әбден сөккен. "Еліміздің аты ана тілімізде сорлап, дұрыс жазылмай тұрған шақта, өзге тілден бұрын, өз тілімізге көбірек көңіл бөлу керек" деп жазған интернет қолданушылары.

Дереккөз: 31 канал

*Тақырып өзгертілді