Депутаттар, тым болмаса «лайк» басыңыздаршы?!

1191
3
Бөлісу:

Халық қалаулылары емес, депутаттарға бір ұсыныс: Аукцион арқылы жердің сатылуына азаматтық та, депутаттық та ұстанымыңызды (әрине, бар болса әрі ұстанымыңызды билікке немесе Сізді депутаттық тізімге кіргізген партияға ұрлатып алмасаңыз) көрсете алмасаңыз, онда осында жер сатуға қатысты азаматтық көзқарастарын әлеуметтік желі арқылы білдіріп жатқан мыңдаған сайлаушылардың, отандастарыңыздың жазбаларына лайк қойып шығыңыздар. Сонда біз де «ее, байғұс-ай, қайтсін енді, қарсы екен ғой, қолы байланып отыр екен ғой» деп мәз болып қаламыз. Сөйтіп, алдыңғы нәрселердің бәрін ұмыта саламыз. Біздің қоғамдық болмысымыз сондай өзі.

Өміржан Әбдіхалық

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Жер 16 Сәуір, 2016 06:30 Жауап

    Қазақтың Нар тұғалы азаматтары қайда?! Бәрі 1986 көтерілістен кейін келмеске кеткен ба?! Неге халық боп бір туға жиналмайды ?! Ата- бабаларымыздың әруағына қарау бет қалмай жүрмесін!

  2. Сәбит 17 Сәуір, 2016 13:53 Жауап

    АЛПАУЫТ АЛЫП САТАРЛАР

    Ертелі-кеш базарда барын сатар,
    қанар қабын арқалап алыпсатар.
    Ит тірлігін олардың көрген Күн де
    ұясына жалығып талып батар.

    Мейлі, сатсын, сол болса – күнкөрісі.
    жылжып кетсе жақсы ғой ілгері ісі.
    Қорқатыным – алпауыт, шоң саудагер –
    Алып Сатар қалыңдау тым терісі.

    Жай саудагер біреуден алып сатар,
    шақ сауда сол – ет сатар, балық сатар.
    Алып Сатар саудасы – Ірі бизнес,
    ойланбастан, керексе, Халық сатар.

    Селт етпестен сатты олар Тіл мен Ділді,
    зообаққа сатқандай піл мен зілді.
    Әттең, қолы қысқалау, көңілшек деп
    сатар еді көктегі күлген Күнді.

    Сатқан кеше сынақтар полигонын,
    ойламастан ағайын көші-қонын.
    Зар илеген қалың ел отыр бүгін,
    болжай алмай ертеңін, оңы-солын.

    Сатқан кеше ғарыштың айлағын да,
    желбіретіп Ресейдің байрағын да.
    Арман болды аспанға алақтамай,
    алаңдамай күн кешу байтағымда.

    Қаруды да сатты олар, ұшақты да,
    ата мұра – алдаспан, пышақты да.
    Аруды да арсыздар сатқан талай,
    қиып сонша ып-ыстық құшақты да.

    Құрышты да сатты олар, металды да,
    елге тимей пайдасы, бет алдына.
    Талай состав жөнеді қияндарға,
    қуып оны кеденшің жете алды ма?

    Ұртын майлап сатты олар уранды да,
    ұмытып қап антты да, ұранды да.
    Не аллаға сенбейді, не аруаққа,
    пайда түссе сатады «Құранды» да.

    Ұнайды екен бұларға «Фунай» мына,
    міз бақпастан сатты олар мұнайды да.
    Әттең, күшке ие емес құдыретті,
    сатар еді ұстап ап Құдайды да.

    Ел байлығы деп бірде қиналды ма,
    алтынды да сатты олар, титанды да.
    Тау да оларға түк емес, теңіз, көл де,
    сахра түгіл, сатады жиһанды да!

    Ақ маржанды сатты олар, ақ бидайды,
    тер қинамас диқанды, бап қинайды.
    Құмға сіңген судай боп есіл байлық
    рәсуә боп, байлар ма бақ-талайды?

    Мақта бұлдап сатам деп сатты Аралды,
    Мырзашөлді сатты олар, Мақтааралды.
    Терістік пен түстікте, шығыста да
    көп жеріңді ың-шыңсыз жаттар алды.

    Алып Сатар сатады анасын да,
    жан-жарын да, керексе баласын да.
    Қорықпайды құдайдан, сатпақ енді
    ата-баба көзіндей Даласын да.

    Ар-ұяты, иманы жоқ жанында,
    азаматтық намысы жоқ қанында,
    Жерін сатқан бұл қулар күні ертеңдер
    сатқын болып,
    сатады Отанын да!

  3. Есенғали, Антакиядан 17 Сәуір, 2016 14:49 Жауап

    Ошшым, «купи-продай» !
    Билгің бар байлықты ұқсата алмай (сенген мұнайлары әлем базарында арзандады), енді не сатарын білмей састы. Естеріне қазақтың кең байтақ жері түсті …
    АЛЫПСАТАР ҚАСҚАЛАР, КЕЛЕШЕК ҰРПАҚТЫҢ ҚАРҒЫСЫН АЛАСЫҢДАР ҒОЙ !
    :zhlau: :zhlau: :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу

он үш − 5 =