Жер негізінен сол жерді пайдаланушыларға сатылады - А.Мамытбеков

011Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Жер мәселесі бойынша ешқандай шешім қабылданған жоқ және қабылданбайды да. Өйткені, жер негізінен сол жерді пайдаланушыларға сатылады. Қазақстанның Жер туралы кодексінде, заңдарында ешқандай шетелдікке ауыл шаруашылығы саласындағы жерлер сатылмайды деп жазылған. Сондықтан жер өзіміздің азаматтарға және жергілікті  компанияларға ғана тиесілі болады», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамбытбеков Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақмерзімді әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы еуропалық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері талқыланды.

Дерек көзі: ҚазАқпарат