Бір сайт жасау үшін 63 миллион теңге тым көп емес дейді тапсырыс берушілер

Бөлісу:

Астана қалалық ішкі саясат басқармасы әкімдіктің ресми порталын жаңартып, қала тұрғындарын ақпараттандырып отыру үшін 63 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсамақ.

Астана әкімдігі өзінің ресми сайтын жаңарту үшін 63 млн теңге жұмсамақ

АСТАНА ӘКІМДІГІ. ФОТО: ASTANA.GOV.KZ

Жуырда мемлекеттік сатып алулар порталында аталған басқарма жариялаған конкурс мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталды деп жазады Today.kz-ке сілтеме жасап sn.kz.

Осылайша, Астана әкімдігінің сайтын күнделікті ақпаратпен толықтырып отыру үшін ішкі саясат басқармасы 62 803 571 теңге бөліп отыр. Тендерді жеңіп алған компания ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін қызмет көрсетуі тиіс. Жеңімпаз бір көзден қаржыландыру тәсілі бойынша анықталған. Ал, тендерлік байқаудың өзі 17 ақпанда жарияланып, 24 ақпанда мәресіне жеткен.

Мұндай мол қаражаттың қайдан пайда болғанын ішкі саясат басқармасындағылар нақты түсіндіріп айта алған жоқ деп жазады дереккөз. Тіпті, әкімдіктегілер 63 миллион теңгенің үлкен қаражат емес екенін де мәлімдеген.

Дерек көзі: Today.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 × бір =