МӘЖІЛІСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ЖҰМЫСЫН «ЖАНЖАЛМЕН» БАСТАДЫ

2846
15
Бөлісу:

qs9SBetjq9o

Дәлірек айтсақ бұл жанжал емес, кәдімгі қызмет барысындағы қызу пікірталас. Солай болу керек те, әрбір заң жобасына қай депутат болмасын өз пікірін білдіруге құқылы. Жобаның кем-кетігін көрсетіп, оны түзетуге, толықтыруға міндетті.

Даудың басы Дайрабайдың көк сиырынан емес, қашан да «бүйректен сирақ» шығарып жүретін Ұлттық банк әзірлеп әкелген «Коллекторлық қызмет туралы» жаңа заң жобасынан басталды. (Бұл жерде «коллектор» дегенді қаржыны күштеп қайтарушы деп түсіну керек шығар.) Құжатты дайындаған Ұлттық банк несиесін төлемей жүрген жұрттың қордаланған қарызын қайтаруды жеке агенттіктерге беріп, оның «қызметін» заңдастырып алмақшы. Қазақстанда қазірдің өзінде 205 коллекторлық ұйым бар екен, ресми тіркелмей жұмыс істеп жатқандарын есепке алмағанда. Бұл жоба әлеуметтік шиеленісті күшейтіп жіберетінін жіті аңғарған халық қалаулылары Нұртай Сабильянов пен Мұхтар Тінікеев бірден қарсы шықты

Нұртай Сабильянов, ҚР Парла­менті Мәжілісінің депутаты:
– Мына жобаға қарасақ коллекторлық агенттер кепілдікке қойылған бүкіл мүлікті соттың шешімінсіз-ақ алып кетуге құқылы емес пе? Осыны қалай ғана құжатқа кіргізіп жүрсіздер?

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
– Борышкердің келісімінсіз ештеңе сатылмайды, Нұреке. Егер де коллектор заңсыз іс-қимыл істеп жатса, борышкер Ұлттық банк үстінен арыз жаза алады.
Тағы да банк бас пайдасын ғана ойлап отыр. Бұл қарызды қайтаруға «рэкет» жалдағанмен бірдей көрініс емес пе? Алпекеңнің, яғни, Ахметовтың айтуынша мүлкінен айырылған кәсіпкер бар жұмысын тоқтатып, сансыз құжаттар жинап, сот пен банктің арасында айлап жүру керек екен. Сонда еліміздің экономикасын кім көтереді? Әрі-беріден соң қарызын қайтару банктің өзінің бас ауруы емес пе? Оларды бей-берекет несие таратыңдар деп біреу қыстап па? Көп асаймын деп, өздерінің ашылған аранының құлына айналып отыр. Тұрғындарға жоғары пайызбен ақша таратқан алдамшы «жақсылығының» соңы не болды? Мүлікке деген сұранысты жасанды түрде арттырып, оның бағасын аспандатып жіберді. Сол арқылы доллардың дүлей күшке айналуына жол ашып берді.
Алғашқы отырыста жарты сағатқа жеткізбей төрт заң жобасын қарап шыққанмен, кейін комитет отырысында «коллекторға» қатысты тартыс қайта жалғасты.
– Біз мафияны заңдастырып жатырмыз. Заңды мықтап бекіттіріп алғылары келеді. Бұл қарапайым халықты жылататын заң. Мен бұған қарсымын, соңына дейін күресемін, – деді Мұхтар Тінекеев Ұлттық банк пен Үкіметтің үкілеген заң жобасын жанталаса жақтаған әріптесі Аманжан Жамаловты жағадан алардай болып. Қаншама шақырылымда депутат болып келген Жамаловтың экономист екенін бұлайғы жұрт енді ғана біліп отыр. Өйткені осыған дейін ел экономикасын өрлетуге қатысты ұтымды ұсынысын естімеген соң, оны қазіргі қаптап кеткен көп заңгерлердің бірі ме деп жүріпті.
Жобаның тағдыры енді Мәжі­ліс­тің жалпы отырысында шешілетін болады. Ең белсенді екі депутататымызды өзгелер қолдамаса бұл жоба да әдеттегідей заңға айналып шыға келері анық. Атауының өзі қорқынышты «коллектор» («киллер» дегенге қатты ұқсайды екен) келген соң, борышкерлердің жанайқайы қайта басталады…

Зейнолла АБАЖАН

«Қазақ үні» газеті 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Қазақ 14 Сәуір, 2016 19:50 Жауап

    Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпыспай Ахметов өзі онсызда кыспақтан шаршаған халықты енді рэкет сымақпен қорқытпақпа?! Неге өздері аспандатып пайызбен карызға береді ?! Осылардың бәрі қазақтарды құрту үшін билік басында отыр ма деген ойға қаламыз! Депутаттар бәрі қарсы тұруы керек……

  2. ардақ 14 Сәуір, 2016 23:09 Жауап

    қəзір қарызы бар адамдарды шынымен біртіндеп полициямен сотпен қорқытып алады сосын олар биліке ештеңе айталмай құрсын құрсын деп отырады өзі əркімге жалтақ жалтақ болып жүрген қазақ ертең рекітерге жалтақ блоатын болдығо сол рекітер неден қарыс болғанын білсе шіркін (жұмыс жоқтан айлық уақытлы бермегенен ж.т.б) жеті жастан жетпіс жастағы қарыс болып үнсіз жатқан қазағымай

  3. Сағатбек 20 Сәуір, 2016 14:21 Жауап

    Мұхтар Тінекеев дұрыс айтқан, бұл халықты зар илетеді. бұл заң әдеттегідей «көпшілік» дауыспен өтіп кетеді. мәжілісте халыққа жаны ашитын 4-5 депутат қана бар. Қалғандары үкіметтің адамдары.

  4. Ғалым 20 Сәуір, 2016 15:54 Жауап

    Қарап отырсақ, банк,үкімет тағы басқалары халықты кенеще сорып жатыр. Бұлар өз халқын неге соншалықты жек көреді? Халық оларға не істеп қойды?

  5. Сейдахмет 22 Сәуір, 2016 16:59 Жауап

    Ақшаны халықтан алмаса кімнен алады? Байлардан сұраса тұмсығын бұзып жібереді. «жуас түйе жүндеуге жақсы» дегендей моын халықтың қанын сорған ыңғайлы оларға

  6. Сәкен 25 Сәуір, 2016 15:25 Жауап

    Жұрттың депутаттары жаға жыртысып, жұдырықтасып жатады. Жобаны бірі өліп-талып қорғаса, екіншісі түкке тұрғысыз етеді. Б :oilanu: іздердікі үн-түнсіз қабылдай салады.

  7. Мұрат 25 Сәуір, 2016 15:54 Жауап

    Өйткені отырған жылы орындарынан айрылып қалам деп қорқады. «Тыныш жүрсең тоқ жүресің, домаланып көп жүресің» деген ұстанымда біздің депутаттар.

  8. Сәкен 25 Сәуір, 2016 22:25 Жауап

    Қалай десек те адам дегенде ар-намыс, жауапкершілік болуы керек қой. Халыққа аздап та болса жандары ашыса ғой депутаттардың.

  9. Сағатбек 26 Сәуір, 2016 14:05 Жауап

    Кейбір депутаттар 4-5 жыл отырып төрт ауыз сөз айтпай кетеді. Солар несіне сайлауға түскен? Босқа орын ұстап, уақыт өткізеді.

  10. Темеш 26 Сәуір, 2016 14:11 Жауап

    Баяғыда рэкет деген болған-ды. Қазір де бар шығар. Мына коллектор дегендер дәл соның көшірмесі. айырмашылығы бұлар заңды түрде жұмыс істейді. Айналып келгенде бәрі қарапайым халыққа қарсы әрекет етеді.

  11. Нартай 26 Сәуір, 2016 15:44 Жауап

    Тағы бір мәселе, бізде депутаттар тұрақты. Кейбіреулер төрт шақырылым бойы депутат болып келеді. Бірақ, айтар ойы, жөні түзу пікірі де жоқ. Соған қарамастан қайта-қайта депутат болады. Неге?

  12. Шакар 26 Сәуір, 2016 16:10 Жауап

    Коллекторсыз-ақ сот шешімі бар, сот орындаушылары ба емес пе? Ол аз болғандай «рэкет» қызметін заңдастырудың қажеті қанша? Банктегілердің басы кетіп қалған.

  13. Қария 26 Сәуір, 2016 16:30 Жауап

    Баяғыда несиесіз күн көрген қазаққа несиені тықпаламау керек еді. Енді міне бәрі қарыз боп қалды. Уайымсыз қара нан жеп, қара су ішкен әлде қайда жақсы. Өйтіп мінген көліктері бар болсын.Бұл алдап соғу ғой.

  14. Қарпық 26 Сәуір, 2016 16:41 Жауап

    Коллекторлар келсе кәлләсін кесіп алып итіме тастаймын. Қазір несиені төлейтін жағдайым жоқ. Бітті! :shoshu:

Пікір немесе жауап жазу

екі + үш =