Астанада базардан өрт шықты

photo_66865Астанада «Шанхай» базарында өрт шықты,   контейнерлердің бірінде рубероид (мұқаба қағаздан жасалған су өтпейтін, шірімейтін жабын) жанған. Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алаш көшесінде орналасқан «Шанхай» базарында контейнердің өртенгені туралы хабарлама сағат 17.52-де түскен. «Оқиға орнына келген кезде контейнерлердің біріндегі құрылыс материалы - рубероидтың жанып жатқаны анықталды. Өрт шарпыған алаң 15 шаршы метрді құрады. Жалын 18.03-те ауыздықталды, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады полициядан. Шығын сомасы анықталу үстінде. Дерек көзі: ҚазАқпарат