Әкім көлігін велосипедке алмастырды

Алматы тұрғындары Бауыржан Байбектің велосипед теуіп жүргенін байқады. Дәурен Исаев түсірген фото Виталия Дядчев есімді қолданушының Facebook парақшасында жарияланды.

Бауыржан Байбек көлігін велосипедке алмастырды (фото)

Алдын-ала болжам бойынша, бұл фото Алматыда өткен веложарыста түсірілуі мүмкін. Суретке пікір жазған қолданушылар әкімнің тек бір рет өтетін акцияда ғана емес, жұмыс күндерінде де велосипедтен түспеу керектігін айтады.

Сондай-ақ, қолданушылар Байбектің спорттық стильде жасырақ көрінетінін сөз қылған.

Дерек көзі: Nur.kz