Еркесіз де Төреғали халқының сүйікті әншісі - Төреәлі

Әнші Төреғалидың әкесі Төреәлі Баян Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Baistars.kz.

Төреғалидың әкесі Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді
"Әйел адамды жеңу мүмкін емес. Әлем жеңбеген әйелді еркек жеңбейді. Мен ол кісімен салғаласып, олай емес, былай деп отырғым келіп тұрған жоқ", - дейді Төреәлі мырза. "Бірақ айта кетейін, Төреғали "Ұлы дала баласы" деген атпен екі ірі қалада Алматы және Астанада концерт қойды. Екеуінде де он күн бұрын билеттер таусылып қалған. Ол концертте "Алло" әні мүлде орындалмады", - деп мәлімдеді Төреғалидың әкесі.
Төреғалидың әкесі Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді

ФОТО: INSTAGRAM

"Ұлы дала баласымен" талай қала, елді-мекенге концертпен барып жатырмыз. Афишасында өзі жалғыз тұр. Халық Еркесіз де оның концертіне келіп, ол әнсіз де басына көтеріп жүр", - деп қысқа қайырды Төреәлі мырза. "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші, әңгіме Төреәлі мырзаның "Ерке Есмахан "Алло" арқылы халыққа танылды" деген сөзінен шыққан. "Ағай олай айтуы мүмкін емес, телеарналардың баяғы әдеті ғой, сөздерді кесіп-кесіп береді. Сондықтан сондай дау шығып жатыр. Төреәлі аға өз сөзінде тұратын адам. Гонорар төленбесе, демек солай келіскен болуы керек", - дейді Төреғалидің директоры осы мәселе жөнінде. Бірақ біріккен гастрольдік сапар наурыз айының басында аяқталған. Төреғали Төреәліге "Алло" әнімен дуэт айтып, концертке, той-думанға бірге шығу қиындап кеткен ұқсайды. Сондықтан біріккен гастроль Баян Есентаева айтқандай бір жарым айға емес, 20 күнге ғана созылған.
Ал 4 сәуір күні Петропавлда кеш қонағы Ерке Есмахан болады делінген билеттің өтірік болып шыққаны белгілі болды.
Төреғалидың әкесі Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді

ФОТО: BAISTARS.KZ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 4 сәуірде Петропавлда өтетін концерттің билеттеріне Төреғали өзі түскен суреттер сатылған. Дерек көзі:Baistars.kz.