Оқу аптасы 5 күндікке ауысса, оқу мерзімі маусымның ортасына дейін жалғасады

Бөлісу:

20160405170335Бескүндік білім жүйесіне көшетін болсақ, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Бұл бізге өте қажет, себебі біз бескүндік оқу жүйесіне көшетін болсақ, оқушылар тағы 36 күн демалады. Осы 36 күннің орнын толтыру керек. Сол себепті біз мектепте оқу уақытын жазда ұзартуға тура келеді», – деді министр тілшілерге берген сұxбатында.

«Бүгінгі уақытта бірінші сынып оқушылары 1 маусымда оқуларын аяқтайды деп жоспарлануда. Жыл сайын бұл мерзім ұзара түседі және маусымның ортасына дейін жетуі ықтимал», – деді Е. Сағадиев.

Оның айтуынша, оқу уақытының ұзаруы жаңа білім беру бағдарламасының қабылдануына да байланысты болып отыр.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

16 − 4 =