IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЙЖАРЫС» РАДИОБАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЙЖАРЫС» РАДИОБАЙҚАУЫ

ЕРЕЖЕСІ.

talant1«Тайжарыс» радиобайқауы  - 2001 жылы Қазақ радиосына балалар әндерін жинау мақсатында ашылған хабар болатын.

2011 жылы «Атадан-мұра» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, мектеп оқушылары арасындағы республикалық байқау болып қайта түледі.  

Басты мақсаты—өнерлі балалардың жұлдызын жағу, қазақ радиосы арқылы елімізге насихаттап, ең үздік балалар әндерін алтын қорда сақтау.  Алматы мен бурабайда қортынды концертін ұсынып, түркияға халықаралық байқауға барып, мерейі үстем болып қайтқан «тайжарыстың» биылғы мақсаты да өзгерген жоқ.

ТЕК БАЙҚАУ  ЕРЕЖЕСІНДЕ  ӨЗГЕРІСТЕР БАР.

 

Өтетін уақыты:  2016 жыл 3-4-мамыр

Өтетін орны: Алматы  қаласы

 Байқаудың басты талабы:

  1. Байқау жанды дауыста өтеді.
  2. Байқауға қатысатын шығарма саны: 1
  3. Байқауға қатысатын шығарманың тақырыбы: Еркін тақырыпта.
  4. Байқаудан лауреат  болған қатысушылар «Шалқар» радиосының әуе толқынына жолдама алады. Байқауға қатысқан шығармасы эфирден беріледі.
  5. Бас жүлде иегерлері радио эфиріне қонаққа келіп, сұхбат береді.
  6. Байқауға тыңғылықты дайындықпен, Республикалық байқаудың деңгейінде дайындалған қатысушылар ғана қабылданады.
  7. Жазбаша шығарма Республикалық басылымдарға жарияланады, арнайы сайтта беріледі.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРЛЕРІ «ТАЙЖАРЫС» РАДИОБАЙҚАУЫНЫҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАЙТЫН БОЛАДЫ.

 Барлық қатысушылардың шығармасы «ТАЙЖАРЫС» онлайн радио сайтында жүктеледі.

ҮЗДІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ART BAYTEREK” байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

ЛАУРЕАТ АТАНҒАН БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАҒАН ШЫҒАРМАСЫ  «ШАЛҚАР» РАДИОСЫНЫҢ ӘУЕ ТОЛҚЫНЫ АРҚЫЛЫ «ТАЙЖАРЫС» ХАБАРЫНДА БЕРІЛЕДІ.

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЙЫ ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ ӨТЕДІ, СЕРТИФИКАТ БЕРІЛЕДІ.

Эфирден өткен барлық шығармалар «Қазақ радиосының» «Алтын қорына»  енеді.

Толық ақпарат қосымша хабарланады және  www.taizharys.kz сайтында жарияланады.

 Байқаудың номинациялары:

Вокал (эстрадалық, академиялық)

Дәстүрлі ән.

Аспапта ойнау (жеке және топтық орындаушылар, ансамбль, оркестр)

Көркемсөз

Сахналық қойылым

Жазбаша шығарма.

 Жас шамасына қарай үш топқа бөлінеді

 

Бүлдіршін топ                 Кіші топ                           Орта топ                     Жоғарғы топ

4-6 жас                              7-9 жас                                 10-14 жас                    14-16 жас

 

Байқаудың қазылар алқасының құрамы: Қазақ радиосының еңбегі сіңген қызметкерлері ҚР мәдениет саласындағы мамандары.

Байқаудың бағалануы: қатысушының  байқау кезінде көрсеткен өнеріне қарай бағаланады.

Бағалау жүйесі: Сандық негізде—5 пен 10 аралығында.

Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады және талқыланбайды.

 Байқаудың марапаты: Жүлде әр номинация бойынша, жас шамасына қарай бөлініп, жеке-жеке тағайындалады.

Бас жүлде- лауреаттық диплом және сыйлық.

Бірінші орын-лауреаттық диплом және сыйлық.

Екінші орын- лауреаттық диплом және сыйлық.

Үшінші орын- лауреаттық диплом және сыйлық.

«Атадан—мұра» қорының тұңғыш Президенті М.Аманжолқызы атындағы аранайы жүлде.

«Қазақ радиосының» арнайы жүлдесі.

«Шалқар» ұлттық арнасының арнайы жүлдесі.

Дипломанттар.

Байқаудың  техникалық талаптары:

Өтініштер алдын ала электрондық пошта арқылы қабылданады.

Байқауға қатасатын шығарманың фонограммасы FLASH және МІNI тасымалдаушыларымен әкелінеді.

Тасымалдаушының сыртында баланың аты-жөні, жетекшінің байланыс телефондары болуы шарт.

Ішінде  тек қана байқау шығармасы болуы керек.

Радио эфиріне жолдама алған барлық шығармалар дайын, «плюсовка» түрінде қабылданады.

Эфирге жолдама алған қатысушылар, байқау өткен күннен кейін  мынандай кестемен қабылданады.

3-орын. 10-маусымға дейін.

2-орын.15-маусымға дейін

1-орын 20-маусымға дейін.

Бас жүлде 25-маусымға дейін.

 

БАЙҚАУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ.

Радио эфирі, яғни әуе толқынынан берілетін хабарға қатысу —ТЕГІН.

Байқауға қатысу үшін жарна төленеді.

Жеке орындаушыларға: 15 000тг

Дуэт, трио— 20 000тг

4-10 адамдық топтарға—35 000тг

10 адамнан жоғарғы топтарға: адам басына 3500 тг-ден.

Байқау қатысушысының шығындарын жіберуші жақ төлейді.

Кез келген қаржылық аударымдар мен шығындарға «Қазақстан» РТРК, «Қазақ радиосының» қатысы жоқ.

Кіріс-шығыс мәселесі «ТАЙЖАРЫС» балалар шығармашылық орталығында талқыланады.

Жауапты қызметкер, жоба авторы: Гүлбағыш Бостан.

Б.т: 8 707 825 32 52

 8 777 828 08 02

Қырлан — 8 701 144 11 89 (WhatsApp,Viber)

Айсұлу —  8 702 711 48  86 (WhatsApp,Viber).

                    8 707 774 83 07

Instagram: taizharys

   ҮМІТКЕР  ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР .

taizharys@mail.ru- электрондық поштасы арқылы қабылданады.

011