Күле жүріңіздер...

1364786864 Әзіл-шыны аралас Әйелдер семинары болып жатыр. Тақырыбы: «Күйеуiңiзбен қалай бақытты ғұмыр кешу керек?». Әйелдерден: «Кiм күйеуiн жақсы көредi?» деп сұрапты: Бәрi қолдарын көтереді. Олардан тағы сұрапты: «Жақсы көретініңізді ең соңғы рет күйеуiңiзге қашан айттыңыздар?» десе, біреулерi «кеше», біреуі «бір апта бұрын», кейбіреуі «тіпті, ұмытып қалдым қашан айтқанымды» депті. Содан әйелдерге: – Телефондарыңды алыңдар да күйеулерiңе «Мен сені сүйем!» деп хат жазып жiберiңдер де, бәрiң телофондарыңды маған берiңдер! – дептi. Алғашқы жауаптар келгенде жүргiзушi талып қалыпты. Күйеулердің жауаптары: – Ерiкпеші, қатын! – Кiм бұл? – Машинаңа не болды? – Тағы не бүлдiрдiң? – Бұл жолы кешiрмеймiн! – Анығын айт... – Қанша ақша керек? – Түс көрiп жатқан жоқсың ба? – Не алғың келсе де, ақша жоқ, әуре болма! – Тағы қай жерден 50% акция көрдiң? – Ешқайда бармайсың! *** Сома деген кісі әңгімені өте әсірелеп, қатты қыздырып айтатын кісі еді. Совхоздың малын бағып жүргенінде жем тасыған Нұрлан Ақбергенов деген көлік жүргізуші жігіт бара қалады. Сәлемнен соң Сомекең бір әңгімені бастайды. – Қойды өргізіп жіберіп, қырдың төбесіне шыға келсем, бір қызыл түлкі қаша жөнелді. Құйрығы тура екі метр, – депті. Қисынсыз әңгімеге сенгісі келмеген Нұрлан: – Шамалы қысқартыңызшы, – депті. Сомекең де келіскен сыңаймен: – Екі метр болмаса да, бір жарым метрдей болар-ау, – деп әңгімесін әрі жалғамақшы болады. Нұрлан болса тағы да: – Шамалы қысқартыңыз, – дейді. – Бір метрдей келіп қалар. – Әлі де шамалы қысқартыңыз. Осы кезде төзімі таусылған Сома: – Ей, немене! Сонда әлгі түлкінің құйрығы жоқ дегенің бе?! – деп жұдырығын ала жүгіріпті дейді.