Біреудің есеп беру концертінің билетін қызметкерлерге мәжбүрлеп сату доғарылсын!

Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың БҚО-ның барлық  басшылар мен шенеуніктерінің назарына!!!

12292645_1255801207769519_1371921692_nНегізі бұл мәселе бір ғана БҚО-ға қатысты емес. Қазіргі кезде еліміздің барлық өңірлеріндегі жағдай осылай деуге болады. Дегенмен мен өзім білетін БҚО басшыларына қарата айтуды жөн көріп отырмын. Ал қалған өңір не істейді, өздері біледі ғой.

Әншілердің Оралға келгені бар жəне келетіні бар. Олар концерт қойса халық үшін емес, өздері үшін қояды. Ендеше халықты, яғни мемлекеттік жəне бюджеттік қызметкерлерді олардың концертіне баруды мəжбүрлеудің қажеті жоқ. Өздеріңіз айтатындай, мына қысылтаяң, дағдарыс заманда қызметкерлер 2 мың - 5 мың теңгеге билет алып, олардың понограмма дауысын тыңдауға бара ма, əлде жанұясын асырай ма? Билеттерін өткізе алмаса, оған халық кінəлі емес. Халықты жинай алмаса, əншілер əн кешін өткізіп несі бар? Таңдауды билік емес, халықтың өзі жасасын.

Жасанды етіп, залды мəжбүрлеп толтырып, қызметкерлердің қарғысына ұшырағанша, керісінше халықпен санасып, ықыласына бөленген дұрыс деп санаймын. Өтірік əнші, жалған дауыс, жасанды шоу жасағанша, өз ар-намыстарыңызды оятыңыздар! Əй деген жасанды дауыстағы əншіні қолдағанша, қарауыңыздағы қызметкерлерден ұялыңыздар. Елімізде "Əлəулəйім" деген əнші бітпес. Оның бəріне қызметкерлерді мəжбүрлесеңіз, жанұясын əнмен асырамайтыны анық. Ендеше құрметті шенеунік мырзалар, ақшаларың тасып бара жатса 10 билетті қызметкерлеріңе мəжбүрлемей, өзіңіз алып, жағдайы жоқ отбасына таратып беріңіз. Бұл сіздерге сауап болады!!! Үндемейді екен деп, халықты басына берулеріңді қойыңыздар! 45-50 мың теңгемен отбасын асырап жүргендердің обалына қалмаңыздар. Сөз соңында айтарым, Құрметті Алтай Сейдірұлы, сіз басқаратын өңірде осындай жағдайлар болып жатады. Ол жағдай қызметкерлердің жанына батып бітті. Сол себептен, аудан əкімдерін жəне облыс басқарма басшыларын жинап жиын өткізген кезде, осы жəйтты басшылардың санасына жеткізіп, қызметкерлерді мəжбүрлеуді тоқтатуыңызды өтіне сұраймын.

Құрметпен: Айболат БУКЕНОВ

qazaquni.kz