Ахмет Ясауи университеті оқушыларға білім грантын үлестірді

mktu  Бүгін, 31-наурыз күні Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде III Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасының қорытындысы жарияланды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына және «Ясауи жылына» орай ұйымдастырылып отырған III Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасының негізгі мақсаты – дарынды оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау. Олимпиаданың қорытынды нәтижесін хабарлаған I-ші вице-президенті, профессор-доктор М.Куталмыш, Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Б.Ахметов жеңімпаздарға оқу гранттарының сертификаттарын табыстады. Білім додасына еліміздің барлық өңірінен 5545 оқушы тіркелген. 3 кезеңнен тұратын білім сайысының нәтижесінде 77 оқушы университет грантына ие болды. Сондай-ақ, «Үздік креативті жұмыс», «Озық ойлы дарынды оқушы», «Үздік жұмыс» номинациялары үлестірілді. Грант иегерлері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алтын болады.

А.Сәдібеков,

университет баспасөз хатшысы.

qazaquni.kz