Халықтың қалтасындағы ақшаға қол салатын жаңа жоба іске асуы мүмкін

Бөлісу:

1298881836_tenge_dollar_nacbank2017 жылдан бастап баспанасын сатқан әрбір қазақстандық үй бағасының 10 пайызын мемлекетке салық ретінде өткізуі мүмкін. Бұрын мұндай талап тек үйді алып-сатарларға ғана қолданылатын деп жазады «Крыша» порталы.

Үкімет аталған ережені ҚР жаңа Салық кодексінің концепциясына енгізуді жоспарлауда. Жаңа кодекс келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша, баспана иесі өз үйіне бір жылдан астам уақыт иелік етсе онда ол сату уақытында салықтан босатылатын.

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Салық заңнамаларын түсіндіру басқармасының басшысы Еділ Әзімшайық жаңа ереже жайында айтып берді.

«Біздің жұмыс тобы салықтың осынау түрін есептеу кезінде әділ болу үшін баспана бағасына тікелей әсер ететін инфляция көлемін, ақшаның құнсыздануын, үйді жөндеу кезінде кеткен шығындарды есепке алуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, үйін бес жылда бір сататын азаматтарды салықтан босатуды да ұсындық» дейді Әзімшайық.

Оның айтуынша, салықшылар үй мен жер салығын біріктіріп, «Меншік салығы» деген жаңа салық түрін ойлап таппақшы. Өзгерістердің барлығы ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін бекітілуі тиіс.

Дерек көзі: sn.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. дархан 1 Сәуір, 2016 21:46 Жауап

    әйтеуір, халықты тонаудың жаңа тәсілі ғой, үкіметтегілер қашан тояды екен?

  2. Бақыт 2 Сәуір, 2016 10:41 Жауап

    халықтың қалтасындағы ақшаға қол салу, ол девальвация
    4теңгеден 345 теңгеге деиін, әр бір адамның қалтасына қол
    салынған ақшаны саны есептелсе

Пікір немесе жауап жазу

үш × 4 =