Қытай сотталған қазақстандық әйелдерді қайтарды

img_1163Қытай Қазақстанға есірткі тасымалдады деген айыппен сотталған қазақстандық екі әйелді тапсырды.

Қазақстан бас прокуратурасының бүгін хабарлауынша, сотталғандар Пекиннен этаппен жеткізілген. Бас прокуратура аты-жөні аталмаған азаматтар жазаларының қалған мерзімін Қазақстан түрмелерінде жергілікті заңдарға сай өтейтінін айтады.

Қытай сотталған әйелдерді Қазақстанға қайтару шешімді екі ел арасындағы келісім бойынша және сотталған азаматтардың өздерінің Қазақстанға қайтару туралы өтінішімен шығарған.

Бұған дейін Қазақстан бас прокуратурасы өткен жылдың тамыз айынан бері Қытай билігі Астанаға жазасын отанында өтеу үшін тоғыз қазақстандықты тапсырғанын хабарлаған.

Дерек көзі: azattyq.org