Жаңа құрамда ұлттық мүдде үшін қайрат көрсетіп жүрген қайраткерлер неге жоқ?

Арман (Нургиса фото)   "Ақ жол" партиясына келгенде,  ұстанымымды айқындап алғанмын. Ол партияның да бағдарламасында бар ұлттық мүдде мәселесі.  Мен мына Парламент депутаттығына ұсынылған жаңа тізімді қарап отырып, партиядағы елге танымал, ұлт үшін, мемлекеттік тіл үшін жанын салып қайрат көрсетіп жүрген  азаматтардың атын көре алмай, дағдарып отырмын. Жаңа сайлау басталғалы жаңару күтіп, ел елеңдей күткен есім -  қайраткер ақын Қазыбек Иса неге жоқ? Алаш мұрасына адалдық танытып жүрген ғалым  Қайырбек Кемеңгер де тізімде болса, жарасар еді...  Келесі сайлауда осы мәселе басты назарда болуын қалаймын. Сондықтан мына Орталық Кеңес пленумындағы дауыс беруде  мен қалыс қаламын. Қалай десек те, біз "Ақ жолдың" бағдарламасындағы Алаш арманы, ұлттық мүдде жолындағы мақсаттарымыз үшін күресе білуіміз керек. Өз шешімімізге  өзіміз берік болуға тиіспіз.  Мына жаңа құрамдағы депутаттардың осыны мықтап қолға алуы керек деп білемін.   Арман СҚАБЫЛҰЛЫ, "Ақ жол" партиясы ОК хатшысы, ("Ақ жол" партиясы пленумында сөйлеген сөзі) qazaquni.kz