Жаңа құрамда ұлттық мүдде үшін қайрат көрсетіп жүрген қайраткерлер неге жоқ?

Бөлісу:

Арман (Нургиса фото)

 

«Ақ жол» партиясына келгенде,  ұстанымымды айқындап алғанмын. Ол партияның да бағдарламасында бар ұлттық мүдде мәселесі.  Мен мына Парламент депутаттығына ұсынылған жаңа тізімді қарап отырып, партиядағы елге танымал, ұлт үшін, мемлекеттік тіл үшін жанын салып қайрат көрсетіп жүрген  азаматтардың атын көре алмай, дағдарып отырмын. Жаңа сайлау басталғалы жаңару күтіп, ел елеңдей күткен есім –  қайраткер ақын Қазыбек Иса неге жоқ? Алаш мұрасына адалдық танытып жүрген ғалым  Қайырбек Кемеңгер де тізімде болса, жарасар еді…  Келесі сайлауда осы мәселе басты назарда болуын қалаймын. Сондықтан мына Орталық Кеңес пленумындағы дауыс беруде  мен қалыс қаламын.

Қалай десек те, біз «Ақ жолдың» бағдарламасындағы Алаш арманы, ұлттық мүдде жолындағы мақсаттарымыз үшін күресе білуіміз керек. Өз шешімімізге  өзіміз берік болуға тиіспіз.  Мына жаңа құрамдағы депутаттардың осыны мықтап қолға алуы керек деп білемін.  

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ,

«Ақ жол» партиясы ОК хатшысы,

(«Ақ жол» партиясы пленумында сөйлеген сөзі)

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Марат Тоқашбаев 24 Наурыз, 2016 16:17 Жауап

    Қазеке, бұған таусылып, шаршамаңыз! Бәрі бесенеден белгілі. Ана жақтың ықпалы екендігі көрініп тұр. Кейбіреулер Сізді өткізбегендіктерін тойлап жатқан болар. Соң күлген оң күледі. Сондықтан Алла абыройдан айырмасын! Ұлтын сүйген жүрекпен Сіз атқаратын шаруалар әлі алда!

  2. шегебек 24 Наурыз, 2016 17:12 Жауап

    ақжолды бәйменовтың қызмет үшін сатқаны рас болар, партияда бір күн болмаған перуашев басшы болып шыға келсе. сонда ақжол партиясы құлдардың партиясы болады. өздерін өздері таратқандар қайтып барғаны қалай ,қайтып келген қыз жаман деуші еді.

  3. Алтайшы 24 Наурыз, 2016 17:25 Жауап

    Бұл мәжіліс алысқа шаппайды, тарайды. Бұл жолы өздерін өздері емес, оларды мына біз таратамыз. Сондықтан, қамықпаңыздар, азаматтар! Ұры, алаяқ әрі сатқын биліктен құтылып, бәрін соттайтын, әділдік орнататын күн таяу. Толық тәуелсіздікті енді аламыз, көктем келеді, жаз да келеді. Астананың қысы кетіп барады, қалғысы келеді, заңдылық оған жібермейді, күні біткен. :kulki:

Пікір немесе жауап жазу

бес × 5 =