"Ақ жол" партиясының депутаттар құрамы анықталды

aqzhol1Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліске баратын депутаттардың есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. «Ақ жол» атынан Парламенттің төменгі палатасына келесі азаматтар депутат болып сайланды: Кеңес Абсатиров – БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры; Ерлан Барлыбаев – партия жетекшісінің орынюасары, "Экибастузэлектросеть" АҚ басшысы; Берік Дүйсембинов – партия ОК хатшысы; Дания Еспаева -  "Казкоммерцбанк" Ақтөбе ОФ директоры; Меруерт Қазбекова – Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты; Екатерина Никитинская - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты; Азат Перуашев - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, партия төрағасы. Дерек көзі: Қамшы.кз