Сайлаудың нақты нәтижесін 26 наурыздан кешіктірмей жариялайды - ОСК

TyrgankhylobОрталық сайлау комиссиясы Қазақстан сайлау заңы бойынша парламентке сайлануға мүмкіндік беретін жеті пайыздық межеден үш саяси партия – «Нұр Отан» (82,15 %), «Ақ жол» (7,18 %) және Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы (7,14 %) көрсеткішпен парламентке өткені туралы мәлімдеді.

Негізінде сайлауға 6 партия қатысқан болатын. Жоғардағы 7 пайыздан көп дауыс жинаған үшеуінен басқа үш партия - «Бірлік» 0,29 %, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1,18 % және «Ауыл» партиясына – 2 % дауыс алғаны белгілі болды.

Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысы 26 наурыздан кешіктірілмей белгіленетінін хабарлады.

Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына алты партия қатысқан. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і - партиялық тізім бойынша, тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясы парламентке сайланатын өз депутаттарын бүгін анықталды.

qazaquni.kz