Сайлауда қай партия жеңгені анықталды

V2016-14-Final-All-СҚазақстан бойынша сайлау барысында 7 млн. 500 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім еткен болатын. Және сайлаушылар тізіміне тіркелген 9 млн. 800 мың азаматтың 7 млн. 500 мыңнан астамы өз таңдауын жасады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес республика бойынша тізімге енгізілген барлық сайлаушылардың 77,1 пайызы дауыс беруге қатысқан еді. Бұл өткен сайлаулардың деректерімен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш екені де айтылды. «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы 82% дауыс жинады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында институт директоры Юлия Кучинская мəлім етті. «Демократия институты бүгін өткен сайлау аясында жалпыхалықтық сауалнама (Exit-poll) жүргізді. Институттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында жүргізілді. Exit-poll таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде жүргізілді. Сауалнамаға 75 мың адам қатысты. Сонымен, Exit-poll-дың қорытындысы бойынша сайлауға түскен партиялар мынандай нəтиже көрсетті: Бұл реткі парламент сайлауында «Нұр Отан» партиясы - 82% дауыс, «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» - 7,17%, «Ақ жол» партиясы - 7,22%, «Бірлік» партиясы - 0,35% дауыс, Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партия - 1,21% дауыс, «Ауыл» партиясы 2,05%  пайыз дауыс жинады. qazaquni.kz