ОСК дауыс санауға кірісті

imagesGP0IPOSY-m52x4lu26dh9xs80gat2hiqep8zs7fxwadff8nmjgqЕліміздің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санауға кірісті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

«Еліміздің өңірлерінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарына дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санауға кірісті», - деді ҚР ОСК хатшысы.

Б.Мелдешовтың атап өтуінше, Қазақстанның сайлау заңнамасына сәйкес әрбір саяси партия мен әрбір кандидат үшін дауыстар жеке-жеке саналатын болады.

«Учаскедегі дауыстарды санау уақыты санау басталған сәттен 12 сағаттан аспауы тиіс. Батыс өңірлерде, атап айтқанда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру енді ғана аяқталды. Бұған қоса, шетелдегі 65 учаскенің 47-сінде дауыс беру жалғасуда», - деді Б.Мелдешов.

 Айта кетерлігі, сайлаушылардың дауыс беруге келуі жайындағы алдын ала мәліметтер Астана уақыты бойынша сағат 22-30-да жария етіледі.

Дерек көзі: ҚазАқпарат