Нұрәлі Әлиев Астана әкімі орынбасары қызметінен неге кетті…

Бөлісу:

Астана әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында ол кетуінің себептерін түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасары қызметінен кеттіФОТО: ASTANAINVEST.COM

«Мен бизнеске талай жылдарымды сарп еттім. Жаңа қаржылық орталарды дамытып, зерттеу, компанияның экономикалық әлеуетін ашу мүмкіндіктері  – менің жаныма жақын дүниелер. Сол себепті, мен Астана әкімінің орынбасары қызметін тастап, енді бизнес ортада өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын», – деп мәлімдеді Әлиев.

Әлиевтің айтуынша, оның экономикалық білімі әкім орынбасары қызметінде зор пайдаға асты. Бұл қызметте ол Астананың мүддесі үшін оннан астам таяу және шалғай шетелге барып, жүздеген келіссөздер жүргізген. Бұл өз алдына Астанаға инвестиция тарту мақсатын жүзеге асыруға септік болған.

Еске салсақ, Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2014 жылдың желтоқсанында тағайындалған.

 Дереккөз: Nur.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Камал қажы 17 Наурыз, 2016 10:16 Жауап

    Өте дұрыс! Әр кім өзінің жанына жақын іспен шұғылданып, орнын таңдағаны жөн. Осы баланың өткенде «Әкемнен бас тартпаймын» дегені ішімді жылытып еді.
    Аман жүр айналайын!

  2. ГҮЛБАХРАМ 17 Наурыз, 2016 11:23 Жауап

    НҰРӘЛІнің таңдауы және ұстанымы өте ДҰРЫС!!! Жетекшілік, басшылық жасау жолынан біршама тәжірибе жинады, қазақша айтқанда «аяғына» тұрды!!! Бұл баланың жан дүние жүрегі «ЖАРАЛЫ» екенін ұмытпаңыздар…!!! ӨТЕ ӨТКІР ШЕШІМ!!! АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!!!

  3. ҚАЗАҚ БАЛАСЫ 17 Наурыз, 2016 12:32 Жауап

    неге сендер пікіріңізде нұрәліге бизнісіңіз өркендесін қазақтың қай обылысынан болсада кәсібіңді аш және сол қара көз балдарға жұмыс тауып бер деп сәтілік тілемисіңдер тек айтатындарың жүрегі жаралы ішімді жылтып еді ж,т,басқа сөздердің не керегі бар қайта кесінде ағаларың бір-бірімен тартысып бірі-бірімен жауласып артынан өздеріде түсінбеи қалды деп енді сендер осы қазақ елінің сенген жас болашақ ұрпқтарысыз кәсібіңді дөңгелет елге пайдаңызды тигізің елдің қамын оилаң деп сәтілік тіле

  4. Ергали Айтбаев 20 Наурыз, 2016 13:32 Жауап

    Қазақ баласы сізбен толық келісемін, бірақ Гүлбахрам апайдың Камал қажының айтып отырғанын түсінбеген соң осылай жазып отырсыз. Нұралі және басқада биліктің туысқан балалары жоғарғы жақта жүре бергені биліктің келешекте өздеріне кері әсері тиетінін олар білмейтін секілді. Дұрыс!халықы риза болмаса патшаның беделінің денгейі төмендейді. Нұралиге бизнесіне саттілік тілейін десем ол жағын анық жазбапты, жақсы жағынан болсын!

Пікір немесе жауап жазу

екі × 3 =