ШҚО - психикалық ауытқушылығы бар жандар саны ең көп облыс

Шығыс Қазақстан облысы психикалық ауытқушылығы бар тұрғындар санынан көш бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО психикасы бұзылған тұрғындар санынан көш бастады 

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар статистиканы естіп, таңқалды.

"Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, бізде 1460 психикалық науқас адам бар. Қарағанды, Павлодар облыстарында көрсеткіш әлдеқайда төмен. Бұл Шымкент, Астана және Алматыға да қатысты. Қалалар мен облыс аудандарында сараптама жүргізіп, мәліметтерді өзге өңірлермен салыстыруды тапсырамын. Неге бізде психикалық науқастар саны мұншалық көп екенін анықтау керек", - деді Омар жиын барысында.

Ал дәрігерлер болса, шенеуніктерге науқастар саны тым көтермелеп көрсетілгенін айтып ақталды. Дегенмен, денсаулық мамандары не үшін психикасы сау емес адамдар көп екенін анықтауға уәде берген. Ақ халаттылар бұған қарт кісілердің саны көп болуы себеп деген болжам жасауда.

Дереккөз: Nur.kz