Ақжолдықтар аспантаулар аясында

6HKMcgmmxgo «Ақ жол» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында сайлаушылармен кездесті. Кездесу аудандық Мәдениет үйінде өтті. Н.Жазылбеков өзінің баяндамасында V шақырылымдағы Парламенттегі «Ақ жол» партиясы фракциясының қызметіне тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол сондай-ақ ауылдағы жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және ауылдың инфрақұры­лымдарын қалпына кел­тіру мен дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Н.Жазылбеков сонымен қатар сайлаушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сайлаушыларды негізінен ауданды газдандыру және жолдардың сапасыздығы алаңдататыны байқалды. Депутаттыққа үміткер бұл сауалдарға «Биыл Көлсай-Алматы жолының құрылысы басталады, өйткені Райымбек ауданы бұрыннан Республиканың туристік аймақтарының бірі болған және болып қала береді» деді. Кездесу барысында Н.Жазылбеков сайлаушыларды алдағы мерекелерімен кұттықтады. Сондай-ақ келесі күні Н.Жазыл­беков аталған облыстың Жаркент қаласында болып, «Универсал» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өткізді. «Универсал» зауытының басшысы З.Кузиев кәсіпорын жұмысымен таныстырып, келе­шектегі жоспарларымен бөлісті. Депутаттыққа үміткер Н.Жазыл­беков өткен фракцияның жұмысы жайлы баяндап, «Ақ жол» партия­сының сайлауалды бағдарла­масымен таныстырды. "Қазақ үні" газеті Мақалалардың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.