НАҒЫЗ ЕЛ ҚАМҚОРЫ

Бөлісу:

 

dos

 

Дос Көшім, саясаттанушы:

НАҒЫЗ ЕЛ ҚАМҚОРЫ

Егер салыстырмалы түрде алатын болсақ, Қазақстан Парламентіндегі қызмет атқарған партиялардың ішінде «Ақ жолдың» орны бөлек деп есептеймін. Және, меніңше, бұл партияның мүмкіндігі де, болашағы да әлі алда. Қазіргідей жағдайда қандай да бір саяси партияның емін-еркін, нағыз демократиялық жолмен жұмыс істеуі қиын шаруа. Біз көбіне осы жағдайға көп мән бере қоймаймыз. Сондықтан, кейде «Ақ жол» өйтпеді, бүйтпеді деу де қисынсыздау көрінеді…

«Ақ жол» партиясының фракциясы дайындаған толықтырулар мен өзгерістердің кейбіріне, айталық, мемлекеттік тілді қолдануға қатысты мәселеге өзім де тікелей араластым, сонда бұл ұйымдағы азаматтардың нағыз ел жанашыры екенін аңдағанмын.
Одан соң өздерін «Алаштың ізбасарларымыз» деп атаған партия Алаш мұрасын зерттеу мен оны халық арасына таратуға бірталай еңбек сіңіріп келеді. Дегенмен, осы бағыттағы істі әлі де болса жандандыра түссе деген тілек те жоқ емес.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. сәкен 8 Наурыз, 2016 21:53 Жауап

    сайқымазақ партия емес пе ақжол билік шын ұлт мүдесін ойласа парламентке өмірі өткізбейді.

  2. Алаш көсемі менмін 9 Наурыз, 2016 08:57 Жауап

    ақжол ешқашан алаштың ізбасары бола алмайды. алаш партиясындай болғысы келсе ақжолды алаш ұстанымындағы алаш ойлы азамат басқару керек. мәселен ақжолдың төрағасы: Сұлтанхан Аққұл болсын. Перуашев өлседе көнбейді. алаш қайраткерлері туралы жарты бет монографиясы жоқ, алаш көсемдерінің аты-жөндерін толық білмейтін партияны өз жеке басым қолдамаймын.

Пікір немесе жауап жазу

4 × екі =