Ел руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан партия

strik1

Серік ТҰРҒЫНБЕКОВ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:

«АҚ ЖОЛДЫ» ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫН!

«Ақ жол» партиясы еліміздің әрбір аймағындағы филиалдарымен бірге қарапайым тұрғындардың мұң-мұқтажына көңіл бөліп, олардың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етіп келеді. Мұның барлығы партияның республикалық деңгейде жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқандығын көрсетсе керек.

«Ақ жол» партиясының құрамында қоғамның жағдайына бей-жай қарай алмайтын азаматтар топтастырылығандығын айтуға тиіспіз. Елбасының бастамасымен орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту ісі қолға алынғаны белгілі. Осы игі істі жүзеге асыру жолында «Ақ жол» партиясы ауқымды істер атқарып келеді. Партия қатарының кәсіпкерлермен толыға түсуі бұл саладағы кездесетін кейбір түйткілдердің түйінін тарқатуға ықпал етті. Мен «Ақ жолды» еліміздің экономикалық хал-ахуалының жақсаруына, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, яғни ел руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан қоғамдық саяси ұйым деп білемін. Яғни, еліміздегі жан-жақты, әрі белді партиялардың бірі. «Ақ жолды» қолдау үшін өзім де алғашқылардың бірі болып дауыс беремін және соған сіздерді де шақырамын!