ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАЙТЫН ҰЙЫМ

Бөлісу:

сабит

 

Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАЙТЫН ҰЙЫМ

«Ақ жол» демократиялық партиясы – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды қазақ зиялыларының басын қосқан «Алаш» партиясының заңды жалғасы. «Ақ жолдың» өзгелерден ерекшелігі сол, ол – қазақтың ұлттық мүддесінің қорғаушысы.
Шындығын айту керек, қоғамды нарық билеген бүгінгідей заманда қаржы-қаражат мәселесі алға шығып кетіп, Отанға деген патриоттық сезім екінші сатыға түсіп қалды. Бұл партия ұжымы осындай өліара шақта құлдыраған құндылықтарды қалпына келтіру жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Осылайша, халыққа қалтқысыз қызмет етудің арқасында «Ақ жол партиясы» «Нұр Отаннан» кейінгі белді партиялардың біріне айналды. Мен алдымыздағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына кезектен тыс өткізілетін сайлауда «Ақ жол» партиясын қолдаймын және сайлаушыларды да осыған шақырамын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Нариман 9 Наурыз, 2016 09:50 Жауап

    Халық өз тандауын жасайды атына қарамай істеген берген уәдесіне баға берер.

  2. Дулат 9 Наурыз, 2016 10:00 Жауап

    «Ақ жол» демократиялық партиясынын қолдаушылары керемет екен көре жатармыз кімде қандай аудитория жиналатынына.

  3. Рүстем 9 Наурыз, 2016 10:10 Жауап

    Ол қалай болғаны сонда менімше патриоттық сезім бірінші орында болу керек.

  4. Алмажан 9 Наурыз, 2016 12:02 Жауап

    Елімізге еңбегң сіңген қайраткерлердің пікірін тыңдау өте қызықты екен, халық үшін ең бастысы мықты партияның жеңісі, сондықтан партияларға мықты болуды тілеймін

Пікір немесе жауап жазу

5 × 1 =