Бүгін - халықаралық әйелдер күні

34672043.o6y0pmir82.W665Қазақстанда бүгін «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» меркесі тойланып жатыр.

1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К. Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды.

1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.

Бұл күн - әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.

Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Дерек көзі: қазАқпарат