Бірін бірі аяп, ұра алмаған қазақ боксшылары ойыннан шығарылды

0ea2a16259a1b7eae72e2a1f622cdd53Танымал журналист Мұрат Алмасбекұлы өзінің фейзбуктағы парақшасына былай деп жазады:

979b53782769d91d1a7a04f7bef7ed0a"Бұндай да болады екен, екі қазақ жекпе-жекте бірін-бірі аяп, төбелесе алмады.

Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ – Қазақстаннан барған Айбек пен қытайлық қазақ Ғабит бір-бірін ұруға қолдары батпай, ақыры төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Екі бауыр бір-біріне бір рет те жұдырық жұмсаған жоқ. Өтірік алысып, кезек жығылып, жұлқыласып жүріп алды.

Үзілісте Ғабиттың жаттықтырушылары «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп жатқанын естідік. Бірақ, екеуі сонда да бір-бірін ұрып-соққан жоқ. Иә, бұнысы жарыс ережесіне сай емес шығар, бірақ бір-біріне қандасым деп елжіреген батыр жүректеріне қалай сүйінбейсің. Қазақты қазақ осылай аяп, құрметтейтін, жақсы көретін болса бізге ең үлкен атақ-абырой, даңқ-мәртебе сол емес пе!

Батыр жүректері бауырларына деген мейірімге бай баһадүрлеріміз көп болсын!"

Бірі қандасым десе, бірі Ата жұрттың топтырағына табаны тиген бауырына деген құрметі! Еркісіз жүрек елжіретер сәт! Ойын ережесін бұзса да қазақ ұлты бір-біріне қарадай жұдырық жұмсамайтынынң куәсі. Осыдан-ақ қазақ ұлтының қаншалықты бауырмал, қаншалықты текті екенін тануға болады.

qazaquni.kz