«Жас Алаштың» «жазасы» жеңілдемеді

1412
3
Бөлісу:

D191FCF7-BA83-4777-B17F-B98C00C3D37F_w1000_r1_sАлматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы “Жас Алаш” газетіне қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

“Жас-Ай” шығыс медициналық орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының арызы бойынша шығарылған сот шешіміне қарсы редакцияның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Газеттің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, мақаланы жазған газеттің журналисі, оқырмандары және Жасан Зекейұлының бұрынғы екі туысы арызданушыға жарияланған мақала үшін 40 миллион теңге (қазіргі бағам бойынша 114 мың доллар) моральдық шығын ретінде өтемақы төлеуі тиіс.

Апелляциялық сот шешімінен кейін Жасан Зекейулы сот процесіне қанағаттанатынын, жауапты тараптан алатын ақшаны қайырымдылық қорына жұмсайтынын мәлімдеді.

“Жас Алаш” газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы соттың шешіміне қайта шағымданатынын мәлімдеді.

Дерек көзі: dalanews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Бектас 7 Наурыз, 2016 12:31 Жауап

    Жас Алаш газетін бұрын оқитын едім. Қазір қойдым. Не жазса да өте тайыз, Жай өсек-аяң секілді қоқысқа толы болып кетті. Журналистерінің кәсіби деңгейі нашар сияқты. Өмірдің қай саласына жазса да терең талдау, тұжырымды ой, адал сараптама жасайтын адамдар жетпейтін сияқты. Қарсыласың дана болса, оның даналығын мойындау керек. Ұры-қары, сұм мен сұрқия, бәдік қарсыластырды фактімен дәлелдеп тырп еткізбей қою керек. Бәдіктер жеңіп жатса халық талқысына салу керек. Халықтан қолдау болса кез келген бәдік жалпасынан түседі. Осындай ақпараттық алаң жасау керек. Адал да шынайы шындықтан құралған. Сонда халық сол ақпараттық алаңға симай қалады. Бәдіктер жер жасатанады.

  2. Сая 7 Наурыз, 2016 15:02 Жауап

    Жасан Зекей дегенмен газет тіл табыса алмаған ба? Ол кісі қатты кеткеніне қарағанда негізсіз намысына тиген болды ғой..

  3. Еркін 7 Наурыз, 2016 15:04 Жауап

    Кешегі орыстың құлдығынан құтылмай, орыс тілін қолдап, қазақ тіліне қарсы шыққан орыстілді “Трибунаны” жақтап, Жанболат Мамай мен Жүнісов сияқты сатқындарды мақтап жүрген “Жас алашың” да, аңқау елге арамза молда Рысбек Сәрсенбай да, басшысынан бастап, «ақысын берсең ақты қара қылып беретін бұл газеттің журналистері де біткен екен. Жасандікі дұрыс, неге ол жалақорларға жайбарақат қарап отыру керек…

Пікір немесе жауап жазу