Жат планеталықпен кездескен қазақстандық шопан

1979 жылы Торғай облысындағы (қазіргі Қостанай облысы) шопандардың бірі кездейсоқ жатпланеталықпен кездесіп қалған.  Ол өзгеғаламшарлықты шөп арасына әскерилерден тығып тастап, Жерді жатпланеталықтармен қақтығыс салдарынан құтқарған болуы мүмкін деп жазады «Экспресс К».

Қазақстандық шопан даладан жатпланеталықты тауып алды
Бұл оқиғаны сол кездері Арқалық қаласында тұрған Татьяна Леонова айтып берді. Ол шопан шөп арасына тығып қойған жатпланеталықты өз көзімен көрген. Бір күні Сағымбай белгісіз жарық салдарынан оянып кетеді. Кейін атына отырып, жарыққа қарай жүрген. Даладан ол түбінде күміс диск орнатылған үлкен кратерді көреді. Ал қасында үлкен қара жұмыртқаға ұқсас затты байқаған. Шопан кетпек болып бұрылғанда, «жұмыртқаның» ашылып, сұр түсті бір заттың шыққанын көреді. Жатпланеталық өте ұзын әрі арық болған екен. Шопан өзгеғаламшарлықты атына мінгізіп, үйіне алып келген. Ал қатты таң қалған әйеліне ет асуды бұйырады. Жатпланеталық ет жеуден бас тартқанымен, еттің қамырынан ауыз тиіпті. Сондай-ақ, оған құрт ұнаған көрінеді. Сағымбай шопан  екі апта бойы өзгеғаламшарлықты ауылға келген әскерилерден тығып тастайды. Осы аралықта «қонақ» карт пен дойбы ойнауды меңгеріп алған екен. Ал 26 маусым күні ол аяқ астынан жоғалып кетті. Дәл сол күні «Торғай оқиғасы» болған еді.  Болжам бойынша, пионерлер әртүрлі белбеуі бар комбинезон киген төрт жатпланеталықты көрген. Татьяна олардың жерде қалып қойған жатпланеталықты алып кеткеніне сенімді. Осылайша, қонақжай шопан адамзатты жатпланеталықтармен қақтығысудан аман алып қалған болуы мүмкін. Автор: Алан Исаев
Дереккөз: Nur.kz