Қай жасыңызда бақыт пен махаббатқа көбірек ие бола аласыз?

Бөлісу:

JveKd_J7W_8Ұлыбритания ғалымдары махаббат, бақыт іздеуге, өз мансабын қалыптастыруға ыңғайлы жасты анықтауға жәрдемдескен ерекше зерттеу жүргізді. Зерттеуге екі мыңға жуық респондент қатысты.

Сұрақ-жауап барысында жұмыс авторлары орташа, отыз жас шамасында адам өзін ерекше жақсы сезінетінін анықтады, деп жазды Independent басылымы. Мамандардың тұжырымы өте қызық болды: адамдар тұрақтылық туралы қырық жаста ойлайды екен.
Мансап жайлы айтсақ, қатысушылардың басым бөлігінің мансабы отыз сегіз жаста қалыптасқан. Бұл ретте қырық екі жаста көпшілігі өздері қалаған жалақы деңгейіне жеткен. Психолог Донна Доусон адам отыз жасқа жеткенде ғана өзіне не керектігін түсінетінін айтады. Сондықтан да, адам отыз тоғыз жасында шынайы бақытты сезінеді екен.

Бұдан басқа отыз жасында адам денсаулығына көңіл бөле бастайды.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Асқар 6 Наурыз, 2016 12:32 Жауап

    Сөз қуған – пәлеге жолығар :oilanu: , Шаруа қуған – қазынаға жолығар!. :bala:
    Уайым түбі – теңіз, батасың да кетесің,
    Тәуекел түбі – жел қайық, мінесің де өтесің!

Пікір немесе жауап жазу

3 × 1 =