Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасына қатысыңыздар

pQq-0ylDiLQЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасы 2016 жылдың 4 сәуірінде өтетін Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығы аясында және ХХ ғасыр басындағы даңқты, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында лайықты тойлау және оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасын дәріптеу мақсатында жалпы орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарының (мектеп, лицей, гимназия) 8-9, 10-11 сынып оқушылары арасында саясаттанудан мектеп оқушыларының  Республикалық «Ә. БӨКЕЙХАН» олимпиадасына қатысуға шақырады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Янушкевич көш, 6. Журналистика және саясаттану факультеті.

Байқау шарттары: https://vk.com/sayasttanu01