Фариза ақынға ескерткіш орнатылады

Бөлісу:

1390541105Атырауда қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қазақ поэзиясында ерекше орны бар Фариза Оңғарсынованың ескерткіші Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылында бой көтереді. Оның ескерткішінде ақын өлеңдерінің бірнеше шумағы жазылатындығы белгілі болып отыр.

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш ашылатын болады», – деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Дерек көзі: egemen.kz.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − тоғыз =