Головкин рекорд жаңартпақшы

GGG1-3

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин атақты Бернард Хопкинстің чемпиондық титулдардың сәтті қорғау бойынша рекордын жаңартпақшы. Естеріңізде болса, Хопкинс орта салмақ дәрежесінде қатарынан 20 кездесуінде чемпиондық титулын сәтті қорғаған болатын. Головкинде әзірге он бес кездесу. «Головкиннің алға қойған жоспары көп. Орта салмақтағы титулдарды біріктіруден өзге Геннадий Бернард Хопкинстің рекордын жаңартқысы келеді. Егерде Головкин 20-дан астам кездесуінде чемпиондық титулын сәтті қорғаса, біз тарих бетін жаңартамыз», – деді Головкиннің бапкері Санчеc Boxing Scene сайтына. BAQ.KZ