"Ақ жол" тұрғындардың талабын тыңдады

Тұрғындардың  талабын тыңдады   «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлер өткен жексенбі күні партияның Астана қаласындағы орталық аппаратында тұрғындарды қабылдап, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.
Мәжіліс депутаттығына үміткерлер түс­ке дейінгі уақыттың өзінде 30-дан астам тұр­ғынды қабылдап, оларды толғандырып жүрг­ен сан алуан мәселелерді естіп білді. Атап айтқанда, елордада тұратын бір топ жас ата-ана қалада мемлекеттік бала­бақ­ша­лардың төлемақысының 70 пайызға дейін шарықтап кеткеніне қынжылыс біл­діріп, өздерін мазалап жүрген осы мәселені ше­шуге көмектесуді өтінді. Қоғамдық қабылдауға Астананың ір­гесіндегі Қоянды ауылынан арнайы келген Далабай Нұрғали мен Түймеш Болатхан бес мыңнан астам тұрғыны бар ауылда әлі күн­ге дейін емхананың жоқтығын айтты. Жер­гілікті емхананың жоқтығынан олар 50 шақырым жердегі Малиновкаға немесе 300 ша­қырымдай жол жүріп Көкшетауға баруға мәж­бүр көрінеді. Ол ол ма, Қояндыдағы бір­ден-бір мектепте оқушылар үш ауысымда білім алады екен. Ал мектеп пен тұрғын үй­лер­дің арақашықтығы ең жақын дегенде төрт шақырым. Осыншама шақырым жерді әсіресе, бастауыш сынып оқушылары ақ қар, көк мұзда, «ысқырынған» боранды күнд­ері жаяу жүріп әлекке түсуде екен. Бұ­ған қоса, Қояндының негізгі тұрғындары­ның көпшілігі оралмандар, олар болса, әлі күнге дейін тоқымдай жер теліміне зәру. Дүрімхан Алтыннұр болса, осыдан біраз жыл бұрын жергілікті биліктен жер телімін алып, балаларымен жабылып жатып ша­масы жеткенше баспана да салып алған. Бі­рақ көктем мен күзде жауған жауын-ша­шы­нның салдарынан салған үйлері бүгінде апатты жағдайға ұшыраған. Жанайқайын жергілікті басшыларға айта-айта әбден шар­­шаған екен. Бұл жолы Дүрімхан Ал­тын­­нұр ақжолдықтарға өзінің мұңын ша­ғып, отбасын қинаған мәселені шешуге қолұ­шын беруді өтінді. Қояндылық тұр­ғын­дардың пікірінше, мұндай апатты үй­лер мұнда біршама көрінеді. Апаттың сал­дары әлгі үйлердің бұрындары көл бол­ған жердің орнына салынуынан көрі­не­ді. Қазіргі күні «Ақ жол» партиясының заң­герлері қоғамдық қабылдауға келген тұр­ғындар айтқан арыз-шағымдар бойын­ша арнайы зерттеу жүргізіп, мәселенің анық-қанығын анықтамақ. Жомарт Молдахметұлы http://aikyn.kz/