Қазақстан өмір сүруге қолайлы елдердің алғашқы бестігіне кірді

astanaҚазақстан өмір сүру үшін ең арзан елдердің ондығына кірді. Халықаралық агенттік елімізді Замбия мен Сауд Арабиясы арасындағы бесінші орынға жайғастырды.

GOBankingRates халықаралық агенттігі өмір сүру үшін ең арзан елдердің тізімін құрастырды. Күтпеген жерден біздің елімізге бұл рейтингтегі 5-ші орын бұйырды.

«Бесінші орын, Қазақстан. Ресей және Қытаймен шекаралас.  Мұнай, көмір, темір кені сияқты елдің табиғи ресурстарының арқасында экономикасы дамып келеді.  Азық-түлік және тұтынушылық тауарлардың құны рейтингтегі өзге елдердің көпшілігімен салыстырғанда төмендеу»,  - делінген материалда.

Төртінші орын. Сауд Арабиясы. Үшінші орын - Косово. Екінші орын - Үндістан. Рейтингтің көш басында Оңтүстік Африка Республикасы тұр. Жұмыс істейтін және зейнетке шыққандар үшін ең арзан ел. Ең соңғы, 50-ші орынды агенттік Белоруссияға берді. Украина 24-орында болса, Ресей 39-орында.

Дерек көзі: ҚазАқпарат