Ойбай, қойға қасқыр шапты немесе Астанада жоғалған 19 жасар қыз

2816
4
Бөлісу:

Баяғыда бір қойшы күні бойы қой жайып, іші пісқан соң ауылға қарай аттан салып шабады екен «Ойбай, қойға қасқыр шапты» деп. Бұл әрекеті күнде қайталанады. Бір күні шынымен қойға қасқыр шауып, қойшы ауылға аттандап жеткенде, қойшының қылжағынан жалыққан ел, бармай қояды. Содан өрістегі қойды қасқыр қырып кетеді. Осыдан кейін қазақ «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді» деген екен.

20714-6-adam_zho_aldy_abai_bol_ruБіз бұл әпсананы несіне айтып отырмыз. Жақында ғана Астанада 3 ақпан күні жоғалып кетті деген 19 жасар қыз содан бері ата-анасынан жасырынып, жігітімен бірге жеке пәтер жалдап тұрып келген. 15 күн бойы елді әбігерге салып, іздеу салдырған қыздың өзімбілемдігі басқаларға кесірін тигізбесе не қылсын. Себебі қазіргідей екі күннің бірінде түрлі оқыс жағдайларға тап болып жатқан тұста ертең шын жоғалып кеткен адамды іздеуге деген салғырттық пайда болары сөзсіз. Осындайда ата-аналрға өздеріңіз тәрбиелеп отырған балаларыңызға ие болыңыздар, бетімен кетуге жол бермеңіздер дегіміз келеді.

Әрі, некесіз, үйленбей тұрып жас басымен ата-анаға бағынбай жігітпен бірге тұрған қызды қалай түсінуге болады? Ертең әкесіз ұрпақ, тастанды сәби, жесір ана, жалғызбасты әйел осындайлардан шығатыны анық қой. Әрине, біз ол қарындасымызды кінәлаудан аулақпыз. Десе де әр қадамын ойланып жасауы керек еді. Бірдің кесірі мыңға тиетін қазіргідей заманда абай болған абзал. 15 күн бір шаңырақ астында бірге тұрған жігтімен тұрмыс құрып, бақытты болып кетуіне тілектеспіз!

Естеріңізге сала кетейін Елордалық полицейлер жедел іздестіру шаралары кешенін жүргізу барысында 18 ақпанда сағат 22.00 шамасында хабар-ошарсыз кеткен Гүлшат Қазбекованы тапқандарын хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, ол өзінің жеке өмірін қалыптастырып, туыстарынан бөлек тұрғысы келген. Осы уақыт аралығында Астана қаласында жалдамалы пәтерде жігітпен бірге тұрып келген.

2016 жылдың 15-ші ақпанында Қазбекова Гүлшаттың анасы құқық қорғау орындарына 3 ақпанда 19 жастағы қызы үйінен жұмысқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы шағыммен жүгінген.

Бұл факті бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркеліп, іздестіру ісі қозғалды. Бойжеткенді іздеуге Астана ІІД жеке құрамы тартылған болатын.

Ержан Жаубай

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. пікір 19 Ақпан, 2016 15:16 Жауап

    қәзіргі кезде аналарымыз аитқандай ,ұлдан көремізбе не қыздан көремізбе жақсылықты днгендеи сіңлім мен сені жақсы түсінем :unatu:

  2. Риза 19 Ақпан, 2016 16:22 Жауап

    Бұлайша жоқ жерден сонша адамды, сабылтқаны үшін, полицияның басқа да маңызды шаруаларынан бекер алаңдатқаны үшін қызға не оның ата-анасына айып төлетсе, басқаларға сабақ болар ма еді.

  3. ррррр недегенің 21 Ақпан, 2016 19:47 Жауап

    не қәзіргі қыздар қайда барып келетінін не анаға не жеңгеге айтып жүрдеисіңбе үинен шығып кетіп көздері мынандай :unatu:тымпыиып келді ертең ол жігітке жақпай қалса тастай салады тесік моншақ жерде қалмас дегендеи қазақтың бір жігіті аласалат сосын достарына мақтанады ой сөлесіп жүріп шаруасын бітіргенмін деп ол таза қыз оны өзім жақсы білем дегендеи немесе остатки и сладкий достарының қасында тік басын көтеріп жүреді :kulki1:

Пікір немесе жауап жазу

13 − 8 =