Ер ерлігі - Ел тірегі

Бойында соғыстың жан мен тән жарасын мәңгі сақтаған жауынгерлерді қамқорлыққа алу біздің парызымыз. Н.Ә.Назарбаев.

deputati_verhovnoj_radi_predlozhili_otmenit_den_pobediСоғыс-сөзі санаңа сан түрлі ойлардың, жер бетіндегі адамзаттың бір-біріне деген мейрімсіздігі мен қатыгездіктің қаперін еріксіз жетелейтіні һақ. Осы сәт өкініш пен мұңға толы, әке баладан, бала әкеден айырылған, ұрыс даласында шоқ-шоқ оттар жанып, отбасында сөнген сәт. Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ақназар Бақытжанның ұйымдастыруымен «Ауған ақиқаты» атты әскери патриоттық тәрбиелік мәні бар Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесу кешінің құрметті қонағы ауған соғысының ардагері Түргенқұлов Сүйін ағамызды кездесу кешін ұйымдастырушы оқушылар, мұғалімдердің жылы лебіздері мен сыйлықтар, әсерлі әуендер шырқалып, шаттық көңіл-күйге бөледі. Кеш барысында ардагер Сүйін Түргенқұловтың тән түршігерлік, соғыс өмірінен кішкене үзінді үзілді. Сүйін ағамыз бір күрсініп: - 1979 жылдың желтоқсан айының 12 ші жұлдызы болатын. Ауғанстан жеріне соғысқа шақырту қағазы келді,- деп бастады әңгімесін. -Әлпештеген әкемді, әлдилеген анамды, бауыретім бауырларымды, аяғы ауыр жарымның жандарын жаралап Отан алдындағы борышымды өтеуге кете бардым аты өшкір соғысқа. Кабул қаласының бір аэропортын дұшпандардан азат етудегі соғыс қимылдарына әуеден 500 әскер паршютпен тасталып, оның 200-і ғана жерге қондық, қалаған 300-і әуеде-ақ оққа ұшты, -деп мұңайды ардагер. Міне, бүгін Ауғанстан елінде он жылға созылған зұлмат соғыстың аяқталып, Кеңес әскерлерінің шектеулі контингетінің аталған елден шығарылғанына 27 жыл толды. Жат елде жазықсыз төгілген қан, адам өмірі мен өлім күрескен шайқасқа Сүйін ағамыздай адал борышын 22 000 қазақстандық жауынгерлеріміз санаулы сын сағаттарын басынан өткізіп, оның 761 жауынгері туған жеріне темір табытпен оралып, 21 адам хабарсыз кетті 3 000 сарбаз мүгедектіктің зардабын тартып, ғұмыры солды. Ерлігі елеулі ер есімдерін тарихта сиясы қызыл қанмен жазылған парақтарын патриот жастарымыз оқып, мәңгі ұмытпайтыны анық. Ұлы Отан соғысы, Ауған еліндегі сұрапыл соғыста құрбан болған, қабырғасы қайысып қайғы-қасірет шеккен соғыс ардагерлерінің Елбасы мен ел қамқорлығында екендігі баршамызға белгілі. Біздің ақиқатымыз сол, әрқашан да соғыс атауынан ытымақты еліміз аулақ болып, тыныштық пен бейбітшіліктің бесігі тоқтамай тербелсе екен деген ниеттеміз.

Раймуханов Болат Закарияұлы. А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің информатика маманы. Шардара қаласы.

qazaquni.kz