"Керуен" СОСО ғимаратынан адамдар эвакуацияланды (фото)

© Бағлан Айдашов

Астанада "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, сауда және ойын-сауық орталығынан адамдардың барлығы эвакуацияланған. Олар ғимараттан күмән тудыратын қалтаның іздестіріліп жатқанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сауда орталығының маңында өртке қарсы қызмет, полиция және жедел жәрдем қызметі көліктері тұр.

© Бағлан Айдашов.

© Ералхан Серікбаев

Дерек көзі: tengrinews.kz