Геннадий Головкин жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді (фото)

 

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Доминик Уэйдпен жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық тілшілердің қатысуымен өткен жиынға GGG жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсететін Роман "Чоколатито" Гонсалес, қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес және промоутері Том Леффлер келді. Айта кетейік, Головкин мен Уэйд 23 сәуірде Лос-Анджелесте жұдырықтасады.

Дерек көзі: tengrinews.kz