Винокуровтың алтын велосипеді (фото)

© Сyclingweekly.co.uk

Велоспорттан Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров өзінің алтын велосипедін көрсетті. Спортшы суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Дубайға өзімнің "алтын" Вино-велосипедімді әкелдім. Қазақтың оюлары салынған велосипед толығымен қолдан жасалды. Мұндай велосипедтің алғашқысы жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылыққа берілген еді. Мұндай велосипедтің иесі болу - жоғары мәртебенің белгісі", - деді "Астана" велокомандасының бас менеджері.

© Іnstagram.com/alexandrvinokurov

Винокуровтың алтын велосипедін ұлыбританиялық Cycling Weekly басылымы да жариялады.

  Дерек көзі: tengrinews.kz