ЖЕТІСПЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДҮКЕН

1549
1
Бөлісу:

1440660953_20– Қарағым маған құстың сүтінен бере қойшы, біздікі құрғыр суалып қалды
– Мінекиіңіз
– Біздің жақтыкі ме?
– Әрине
– Оу, онда мына негір қатынның суреті неғып тұр?
– Сол жақта сауылған, бірақ біздің жақта құйылған. «Бізден шығады» деп аталатын, бірақ сборкысы ғана бізде жасалатын машина сияқты ғой. Сау болыңыз
– Тәк, маған ақыл керек
– Ақыл көп қой. Мынау –« шайнап басқа жағатын ақыл», мынау – «кісінің ақылы»
– Өй, кісінің ақылын не қылайын, өзімдікі керек
– Ол да бар, бірақ бұрын шала-шарпы пайдаланылған, жүрлім-барды тыңдалған
– Жарар, бір екі жүз грамын берші
– Аздау емес пе?
– Қазіргі заманда көп ақылдың не қажеті бар?! Сосын ақыл беретін кісі жетеді. Ақыл ақша емес қой! Қой, кеттім
– Оу, жеңгей, баса көктеп не болды, сонша?! Ошеретке тұрсаңызшы
– Уақыт жоқ, қалқам, дым уақыт жоқ! Маған уақыт берші
– Қанша?
– Бала қарайтын уақыт. Балаға дым уақыт таба алмай жүрмін
– Бірнеше жерде жұмыс істейсіз-ау, шамасы?
– Жоқ, үйдемін
– Бала қарамай не қарайсыз сонда?
– Сериал қараймын
– Міне, сізге бір сағат уақыт
– 1 сағат балаға көптеу ғой…
– Жеңгей, мен өлшеп қойдым. Қайтадан кесіп-пішіп есіл уақытты қорлап қайтеміз, көп болып бара жатса, он бес минутын реклама қарауға жұмсаңыз. Барыңыз, енді
– Ал маған атақ керек
– Бұл – бізде ең мол тауар. Қандайы керек бәрі бар: «жер өртеген», «жер жамаған», «жер..
– Маған бір нормалны атақ керек
– Сен бір тәуір жігіт сияқтысың. Сондықтан мен саған бірден дұрысын ұсынайын – міне «Атақпен шатағы жоқ» деген атақ. Осыдан артығы жоқ
– Маған абырой, рух, ар, намыс деген категориялардан бір шөкімнен салып беріңізші
– Бұндай нәрсе бізде жоқ
– Қалай жоқ?! Бәрі бар, бұлар жоқ! Қазір мен тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамына арызданамын
– Арыздана алмайсыз
– Е, неге?!
– Себебі сіз жаңағы айтқан нәрселерді мүлде тұтынбайсыз, тұтынушысы емессіз
– Жәйлап келісуге болатын шығар. Орамалы болады дегендей…
– Әрі кеткенде заменительдерін жасап бере аламын
– Сәпсем болмаса,жоқтан жақсы ғой, әйтпесе мені жұрт «арсыз», «намыссыз», «рухсыз» деп әбден тілдеп бітті
– Жақсы онда. Маған сәл уақыт керек. Болды! Дүкен жабық! Әбет деймін! Әбет!!!

qazaquni.kz

Нұрлан Сәдірдің фейзбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. оһ-һоо 3 Ақпан, 2016 13:37 Жауап

    Сәпсем, әбет дейтіндері болмаса жақсы жазылған екен.Жоқ, «қалжыңға жарасатыны» белгілі ғой бірақ ерекше стиліне құдды бір үнді сариімен кокошник киген секілді жат көрінді.Одан да әңгіме болып тұрған тұстағы жергілікті тілдің ерекшелігімен немесе «сәнге» айналған сөздермен сөйлесе жақсырақ болар еді дейді менің пікірім. Ал тақырыбы-шедевр!Жетіспейтіндерге арналған дүкен!Әй, ерекшесіз ғой! Ғажап дәл айтылып тұр.

Пікір немесе жауап жазу

4 + он тоғыз =