Генаның келесі қарсыласы анықталды

photo_41071WBA (Super), IBO, IBF және  WBC (Interim)  тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин келесі айқасын америкалық  Доминик  Уэйдпен өткізеді.

ESPN телеарнасы тілшісі Дэн Рафаэлдің ақпаратына сәйкес Геннадий Головкин мен Доминик  Уэйдтің жұдырықтасуы 23 сәуірге бекітілген.   Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді, деп хабарлады  Sports.kz.

«Маған Головкин - Уэйд  айқасы келісіліп,   НВО бекіткенін айтты. 23 сәуірде, Лос-Анджелесте   Forum аренасында өтуі мүмкін», -  деп жазды журналист твиттеріне.

Дерек көзі: ҚазАқпарат