Әртістер жол апатына ұшырады

010101Ақтөбеде 31 қаңтар күні 11-ші және 12-ші ықшамаудандардың қиылысында жол апаты болды, салдарынан Тахауи Ақтанов атындағы драмма театрының 8 қызметкері - әртістер, дыбыс операторлары, гардеробшы әйел, сонымен қатар, әртістердің бірінің 14 жастағы қызы түрлі жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жол апатына ұшыраған әртістердің ұжымдастарының бірі айтып берді.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша сағат 20.15-те болған. Театр қызметкерлері қойылымнан кейін УАЗ автомобилімен үйлеріне қайтып бара жатады. "Дастан" ауданында УАЗ көлігі ВАЗ-2109 автомобилімен үлкен жылдамдықта соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктегі екі адам далаға ұшып кетіпті.

Қазіргі уақытта екі әртіс ауруханада жатыр. Бірінің бұғанасы сынса, екіншісі жұлын өзегі жарақатын алған. Ал 14 жастағы қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"Осы апатты көргендерден немесе басқа да ақпарат білетіндерден хабарласуларын сұраймыз", - деп жазды әйел әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, Instagram әлеуметтік желісіндегі zello_aktobe парақшасында жол апаты болған жерде түсірілген суреттер жарияланды.

Дерек көзі: tengrinews.kz