Кейуананы өлтіруге жалданған киллер онымен достасып кетті

Ал қарияны өлтіруге тапсырыс берген әйел қамауға алынды...

Таразда 88 жастағы тыл ардагерін өзінің көршісі тапсырыс беріп, өлтірмек болады. Алайда, алдымен қарияның пәтерін, кейін жанын алмақ болған көрші әйелдің ісі сәтсіз аяқталды.

Таразда 88 жастағы кейуананы өлтіруге тапсырыс алған киллер онымен достасып кетті Бұл туралы Время газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Бейтаныс әйел пәтерінде жалғыз тұратын әжеймен жақын араласудың түрлі жолдарын іздеп, оған өз көмегін ұсына бастайды. "Бізге қарама қарсы үйде тұратынын айтып, менің қайтыс болған қызыммен жақын араласқанын жеткізе бастады. Кейін менің пәтеріме көз салып, "Сізді бағып-қағып тұрамын, ал сіз пәтерді менің атыма жазасыз" дегенді айтты. Бұлай болмайды, біз бір-бірімізді мүлде білмейміз деп бас тарттым", - дейді 88 жастағы Валентина Басова. Осыдан соң, көрші әйел қарияны тапсырыс беріп өлтірмекші болады. Ол өзінің пәтерінде тұратын, бұрын сотталған 22 жастағы жігітті киллер ретінде жалдайды. Алайда, бұрын да істі болған жігіт тапсырысты орындаудан бас тартып, барлығын тәртіп сақшыларына баяндап берген. Бүгінде қарияны өлтіруге тапсырыс берген әйел қамауға алынды. Ал киллер болса, қариямен достасып үлгерген. Эльхам Аллабердиев Валя әжейдің үйінен шай ішуге барып тұрады. "Ол әжей соғысты көрген. Мұндай адам қайдағы біреудің тапсырысынан көз жұмса, дұрыс болмас еді", - дейді Эльхам. Дереккөз: Время